ҚазҰУ-да супервайзердің кәсіби қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланды
2026 жылдың 18 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Педагогика. Білім берудегі менеджмент» кафедрасында «Супервайзердің практикалық қызметіндегі проблемалар» тақырыбында ашық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда №4 «Сапалы білім» және №17 «Серіктестік арқылы даму» бағыттарына сәйкес супервайзерлік қызметтегі өзекті мәселелерді талдау және білім алушылардың кәсіби-этикалық құзыреттіліктерін дамыту.
Іс-шара п.ғ.к., қ.профессор Н.С. Әлқожаеваның жетекшілігімен 8D01102 – «Педагогика. Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты А.А. Омирбекова тарапынан ұйымдастырылды. Семинар онлайн/офлайн форматта өтіп, қатысушылардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Сабақ барысында ЖИ көмегімен дайындалған бейнематериалдар, интерактивті тапсырмалар мен сергіту ойындары қолданылды.
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Басқа жаңалықтар