«Алматы музейі – тарих пен тағылым мекені» атты ашық тәрбие сабағы
«Алматы музейі – тарих пен тағылым мекені» атты ашық тәрбие сабағы өтті
25.03.2026 күні сағат 12:00–13:00 аралығында ЦУР 4 – Сапалы білім беру және ЦУР 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер аясында «Алматы музейі – тарих пен тағылым мекені» тақырыбында ашық тәрбие сабағы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыру, мәдени мұраға деген құрметін арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және музейлік білім беру арқылы тұлғалық құндылықтарын нығайту болды. Тәрбие сабағы барысында қатысушылар ұлттық тарихпен, мәдени құндылықтармен танысып, музей кеңістігінің тәрбиелік және танымдық мүмкіндіктеріне назар аударды.
Ашық тәрбие сабағы білім алушылардың туған өлкенің тарихына қызығушылығын арттырып, тарихи-мәдени мұраға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, іс-шара сапалы білім беру идеясын дәріптей отырып, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталды.
Мұндай тәрбиелік мәні зор сабақтар білім алушылардың мәдени танымын кеңейтіп қана қоймай, олардың азаматтық ұстанымын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
1 курс докторанты Сүлейменова Р.М.
Басқа жаңалықтар