АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
30 наурыз, 2026
2026 жылдың 31 наурызында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Картография және геоинформатика кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Күн тәртібінде Асель Қуандыққызы Сатбергенованың «6D071100 – Геодезия» білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін «Жер серігінің технологиясы қолдануымен табиғи және техногендік объектілерді геодезиялық әдістерімен зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы гибридті формада өтеді.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекшілер:
Отандық ғылыми кеңесші:
Джангулова Гульнар Кабатаевна – техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Алматы, Қазақстан);
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Резник Борис – профессор, доктор - инженер, Азаматтық құрылыс және геоинформатика кафедрасы, инженерлік-құрылыс факультеті, берлин Жоғары Техникалық Мектебі (Берлин, Германия).
Рецензенттер:
Ивадилинова Дина Төлегенқызы - PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Сарыбаев Мадияр Абдуллаұлы – техника ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының доценті (Алматы, Қазақстан).
Өтетін орны: 225 конференц-зал/онлайн, География және табиғатты пайдалану факультеті.
Zoom конференциясының идентификаторы: 560 980 6062
Кіру коды: 1
https://us06web.zoom.us/j/5609806062?pwd=uS8MJ4wnUz06qjkLjIWqi4JgFjJi1Y.1
Басқа жаңалықтар
4 сәуір, 2026
3 сәуір, 2026