- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таза Қазақстан. «Тау тазалығы» - Алматы тауларындағы соқпақтарды тазартуға арналған экологиялық жорық
Таза Қазақстан. «Тау тазалығы» - Алматы тауларындағы соқпақтарды тазартуға арналған экологиялық жорық
2026 жылғы 28 наурыз күні География және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында Қаракүнгей бағыты бойынша сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында студенттер маршрут бойындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, табиғи ортаның ластану деңгейін төмендетуге өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, қатысушылар табиғатты ұқыпты пайдалану мен оны қорғаудың маңыздылығы туралы тәжірибелік дағдыларын нығайтты.
«Тау тазалығы» — «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматы мен өңірлерде таулы аймақтарды, шатқалдар мен су айдындарын қоқыстан тазартуға, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ауқымды акция.
Шара жетекшілері:
Бейсахмет Азамат Алматұлы
Қалиева Аида Болатханқызы
Әділбай Бекзат Сабырханұлы
Басқа жаңалықтар