ECONOMICS.KAZGAZETA.KZ

21 мамыр, 2016

Экономика саласындағы қызықты әрі сирек мамандық

Экономика саласындағы қызықты әрі сирек мамандық. Қазақстандық жоғары оқу орындары мен шет елдерде  экономика мамандығы бойынша жоғары деңгейде білім алу мүмкіндігінің бірқатар бағыттары бар. Біздің еліміздегі мамандықтар жіктелуінде, Қазақстан Республикасы жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде  мамандықтар атауы төмендегідей: «Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Статистика», «Менеджмент», «Маркетинг», «Әлемдік эко­номика» және т.б. Шетелдік жоғары оқу орындарында да осы ма­мандықтарға ұқсас бағытта дайындық жүргізіледі. Солардың ішінде кең таралған түрлері «Экономика», «Экономика және қаржы» «Экономика, қаржы және менеджмент» және т.б. Экономика мамандықтарын даярлау бағыттарының өзіндік ерекшеліктері, нақты экономикалық саламен және басқару формаларымен тығыз байланысы бар. Экономика мамандарын даярлау саласындағы «әлем­­дік экономика» мамандығы ерекше орынға ие. Бұл мамандықтың Қазақстан Республикасы жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі мамандықтар жіктелуінің қатарына  енгеніне көп болған жоқ, тек 2009 жылы қосылды (енгізілді). Алғашқы қабылдау 2010 жылы болды, ал түлектері 2014 жылы бітірді. Айта кететін тағы бір жайт, 90-шы жылдардың ортасынан бастап 2002 жылға дейін әлемдік экономика мамандығына ұқсас «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандары даярланған болатын. Бұл алдыңғы қатарлы мамандықтың үздік түлектері тек экономика саласындағы білім алумен шектелмей, сонымен қатар, шет тілдерін жақсы меңгеруімен ерекше көзге түсті. Бұл алған білімдері арқылы түлектердің көпшілігі президенттік «Болашақ» бағдарламасы арқы­лы білімдерін жетілдіруге және үздік шетел жоғары оқу орындарында тәлімін жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал қазіргі кезде «Әлемдік экономика» мамандығы салыстырмалы түрде көпшілікке танымал емес.  «Әлемдік экономиканы» меңгерген экономист басқа экономикалық мамандықтардан айырмашылығы неде?», «Бұл мамандықты меңгерген түлектер болашақта қандай салаларда жұмыс істей алады?» деген сұрақ туындайтыны заңдылық. Кез келген мамандық сияқты өз ісінің маманы болу үшін, белгілі бір білім, біліктілік және дағдылардың жиынтығына ие болу қажет. Соңғы кездері бұл білімдердің жиынтығын атауда құзіреттелік (компетенция) термині қолданылатын болды. Құзіреттелік – қызмет және оқу үдерісінде, кәсіби және жеке тұлғалық дамуда қажет болатын білім, дағдылар, жеке және әлеуметтік немесе методологиялық қабілеттер мен біліктілік. Әлемдік экономика және халықаралық экономи­калық қатынастар құзыреттіліктердің ерекшелік­теріне тоқталып кететін болсақ, экономикалық пәндер бакалавр, магистр және докторантуралық білім игеру саты­сының негізі болып табылады. Алғашқы қажет­тілік­тен туындаған талап, әрбір студент маман ретінде қалыптасу барысында экономикалық ойлау, өзін-өзі дамыту және әрбір жағдайға экономикалық баға беру қабілетін мең­геруі тиіс. Бастапқы курстарда экономиканың негізі болып саналатын «Экономикаға кіріспе», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Статистика», «Әлемдік экономика тарихы», «Қаржы» және тағы басқа пәндер оқытылады. Жоғары курстың бакалавр-студенттері халықаралық және сыртқы экономикалық қызметтің теория мен тәжірибесін зерделей отырып, экономикалық ойлау мен дағдыларын дамытуды жалғастыруда «Халықаралық экономика», «Халықаралық бизнес», «Халықаралық валюта-қаржылық қатынастар», «Әлемдік экономика», «Сыртқы экономикалық қызметті басқару» және т.б.оқу курстарынан өтеді. Осы оқу барысында экономикалық нақтылыққа деген көзқарас спецификалық түрде кеңейіп, сонымен қатар, жаһандық деңгейде, яғни  мемлекет, жеке компания мен жеке тұлғалар арасындағы  халықаралық қатынастарды қамти отырып, халықтың экономикалық белсенділігін әлемдік деңгейде түсінуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ерекше­лік мамандықтың «халықаралық  саладағы экономист»  бей­рес­ми аталуынан көрінеді, яғни бұл экономист шет тілдерін жетік меңгерген, сыртқы экономикадағы шаруа­шылық субъектілердің, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынастарын ұтымды құруға қабілеті бар тұлға.  Түлектің меңгеруі тиіс білім мен қабілет секілді ерек­шеліктер спецификасы бакалавр-студенттердің «Халық­аралық бизнес» атты бейінді пәнді оқу барысында айқын көрінеді. Бұл пән аясында халықаралық іскерлік операцияларын жүргізудің саяси, құқықтық, мәдениетаралық ерекшеліктері қарастырылады. Осы ерекшеліктерді, сонымен қатар халықаралық экономикалық операцияларды іске асырудағы нақты құрылым мен механизмдерді  білу арқасында, «Әлемдік экономика» бағыты бойынша экономистерді дайындау ерекшеліктері айқындалады. Басқа экономикалық мамандықтардың оқу курсында «Кәсіпкерлік» сияқты пәнде бизнес жүргізудің мем­лекет­аралық ерекше­ліктері қарастырылмаса, «Ха­лық­­аралық бизнес» пәнінде олардың бірінші орынға шығады. Сол сияқты «Келіссөздерді жүргізу технологиясы» пәнінде бизнес жүргізудегі мәдениетаралық ерекшеліктерді тал­дауға  мән береді.  Қазақстанда, мысалға, әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінде «Әлемдік экономика» маман­дығы халықаралық қатынастар факультетінде дайындалады және сонымен қатар, факультетте «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» және «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша дайындық жүргізіледі.  Оқу үдерісіндегі мұндай «көршілік» студенттердің бойында экономикалық құбылыстар мен үдерістерге «жаһандық» көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік бе­реді. Бұл оларға шетелдік серіктестермен тиімді бизнес жүргізудің жекелеген елдер мен тұтас әлемде болып жатқан саяси, құқықтық және мәдени үдерістерді білуіне тәуелділігін түсінуге септігін тигізеді. «Әлемдік экономика» мамандығының түлектері экономика саласы бойынша ғана емес, әлемді көптеген әртүрлі және бірегей саяси-құқықтық және мәдени қауымдастықтардан тұ­ратын бірыңғай жаһандық және күрделі жүйе ретінде қарауға мүмкіндік беретін құзыреттілік бойынша білім алады. «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша барлық негізгі құзыреттілікті 4 топқа біріктіруге болады: 1) экономистке тән жалпы білім, біліктілік және дағдылар;  2) бірыңғай жаһандану жүйесі ретіндегі халық­ара­лық экономикалық қызмет пен әлемдік экономика саласында ерекше білім мен қабілетті болу; 3) шет тілдерді кәсіби игеру; 4) әлем елдерінің саяси-құқықтық жүйесіндегі ерек­ше­ліктер мен қарым-қатынастардағы мәдениет­ара­лық аспектілерді білу мен түсіну, әртүрлі елдердің өкілдерімен қарым-қатынастарды құра білу қабілеті. Экономикалық, саяси, мәдени іс-әрекеттің жаһан­дануы  мәселесінде мемлекеттер арасындағы интегра­ция­лық үрдістердің күшеюі кезінде өз маманды­ғының іскері болу үшін барлық құзыреттілік топтарында аталған қабілеттерді игеру қажет.  «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша студенттерге кәсіби құзыреттерді игеруде, оқу үдерісімен қатар, жоғарыда аталған барлық мамандықтар бойынша әртүрлі ғылыми, мәдени және т.б. қоғамдық іс-шаралардың өткізілуі маңызды рөл атқаруда. Осыған орай әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінің халықаралық қатынастар факультетінде барлық маман­дықтарда оқитын студенттердің белсенді қаты­суымен көптеген іс-шаралар, атап айтқанда факультетте үздік студенттер мен жас ғалымдардан құрылған «Тинберген», «Шығыс жұлдызы» үйірмелері аясында халықаралық, республикалық, ЖОО (жоғары оқу орындары) ара­сын­дағы конференция, дөңгелек үстелдер, саяси сайыстар ұйымдастырылады. Қатысқан студенттер жоғары көрсеткішпен жүлделі орындарды жеңіп  алуда. Мұндай құзыреттерді меңгерген әлемдік экономика мамандығының түлегі сыртқы экономикалық қызметтегі жетекші халықаралық ұйымдарда және отандық компанияларда, бірлескен кәсіпорындарда жұмыс істей алады. Көптеген түлектер коммерциялық банктерге жұмысқа тұрады. Сонымен қатар, инвестициялық компа­ния­лардың және қорлардың, шетелдік және отан­дық фирмалардың өкілдіктерінің, мемлекетаралық меке­­мелер­дің және ұйымдардың, ғылыми-зерттеу ұйым­­дарының қызметкерлері бола алады. Сондай-ақ, олар­дың қызмет ету аясы халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі: халықаралық сауда және өндіріс ресурстарымен алмасу, халықаралық валюталық, несие­лік және қаржылық қатынастар, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, ұйымдар мен мекемелер, мемлекеттік басқару органдарының халықаралық экономикалық байланыстары болып табылады. Осы аталған барлық кәсіби қызмет түрлері әлемдік нарықтарға шығу, шетелдік серіктестермен әр түрлі коммуникациялар мен ынтымақтастықтарды іске асыруды ескереді. Өз кезегінде олар тек қана экономистің құзыреттерін игерудің негізінде сәтті бола алмайды. Осыған сәйкес, кеңінен қарастырылатын халықаралық қатынастар саласының кәсіби құзыреттілігін меңгеру міндетті болып табылады. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып «Әлемдік экономика» мамандығы студенттерін оқытудағы ерек­шелік, ол түлектің іргелі жалпы экономикалық білім алумен қатар, халықаралық, оның ішінде экономикалық қызметтің құқықтық және мәдениаралық ерекшелік­терін түсінетін, жақсы білімі болуында. Мұнда шет тілдерін еркін меңгеруінің маңызы зор. Осындай құ­зыреттер жинағы  халықаралық экономикалық қаты­настар саласындағы экономист түлектің басқа экономика мамандықтары түлектерінен айырмашылығы болып  саналады. Қазіргі таңда «әлемдік экономика» мамандығы елі­міздің тек қана алты жоғарғы оқу орындарында оқы­тылуда. Мұндай жағдайдың орын алуы түрлі шет тілдері және арнайы экономикалық пәндер бойынша оқытушылар штатының болуы қажеттілігіне байланыс­ты. Осы мамандық бойынша, 2010 жылы алғаш рет студенттерді қабылдауда, әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті жетекші позицияға шықты. Елі­мізде білім берудің барлық үш деңгейін қамтитын (бакалавриат, магистратура және докторантура) жоғары оқу орындары арасында бірден-бір университет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болып есептеледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ классикалық университеттік білім беретін, Қазақстандағы ең алғашқы университет болып табылатындықтан, бұл таң қаларлық емес. Мұндай білім беру жүйесі ғылыми және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін және әрі қарай оқыту мен әр түрлі мәселелерді шешу үшін дәлелді көзқараспен, жақсы дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Тек, әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуден және  оқу барысының үш деңгейін қамтитын Қазақстан Республикасындағы  жалғыз әрі жетекші оқу орындарының біріне айналып отыр.  Әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті құрылған сәттен бастап-ақ өзінің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жетілдіру мақ­сатында ұзақ тарихи кезеңдерден өтті. Универ­си­теттің жетістіктері жөнінде көрсеткіштер көп, солардың арасындағы ерекше маңызға ие соңғы көрсеткіштердің бірі – 2015 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан университеттері арасында бірінші орынды және QS әлемдік рейтингісінде  әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті  275-ші орынды иеленді. 80 жылдан астам уақыт аралығында Әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті еліміздегі білім беру, ғылым, мәдениет және экономика салаларының дамуына үлкен үлес қосты. Дайындықтың жоғары дең­гейі, соңғы жылдары жұмыс берушілердің зерттеуіне сәйкес, түлектердің құзіреттілігі бойынша Қазақ ұлттық университеті ең үздік 10 университет қатарына  кіреді. Бұл жетістіктер жоғарыда айтылған «Әлемдік экономика» мамандығы құзыреттілігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Қазақ білімінің қара шаңырағы әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситеті  сапалы мамандар дайындаудан жоғары белестерді бағындыра береді деген сенімдеміз. Лязипа Медуханова,  Бинұр Балаубаева, әл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінің «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының доценттері