Туристік дестинацияларды тәжірибеде тану: Oi-Qaragai Mountain Resort-та оқу-танымдық экскурсияFarabi University

Туристік дестинацияларды тәжірибеде тану: Oi-Qaragai Mountain Resort-та оқу-танымдық экскурсия

30 наурыз, 2026

29 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «География және табиғатты пайдалану» факультетінің «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының «Туризм және қонақжайлылық» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Әділбек Мөлдір Ғалымжанқызы педагогикалық тәжірибе аясында Нархоз университетінің 3-курс студенттері үшін оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара “Oi-Qaragai Mountain Resort” демалыс аймағында өтті. Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің туристік дестинациялар туралы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, табиғи-рекреациялық ресурстарды бағалау және туризмді ұйымдастыру дағдыларын дамыту болды.

Сапар барысында студенттер табиғи ландшафт ерекшеліктерімен танысып, туристік инфрақұрылымды талдады.