Қазіргі әлемдегі қаржылық қауіпсіздік
Халықаралық құқық кафедрасы ассистент-профессоры, з.ғ.к. А.Ж. Тусупованың ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Қазіргі әлемдегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел ҚР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері Н.Р. Меиманхожаның қатысуымен өткізді.
Дәріс барысында барысында қазіргі жаһандық экономикадағы қаржылық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, іс-шарада қаржылық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері, халықаралық қаржы жүйесіндегі тәуекелдер, санкциялар мен олардың құқықтық салдары мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты. Бұл өз кезегінде тақырыпты тереңірек түсінуге және әрбір қатысушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың саналы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.



Басқа жаңалықтар