Халықаралық құқық кафедрасы ассистент-профессоры, з.ғ.к. А.Ж. Тусупованың ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Құқық бұзушылықтың салдары» тақырыбындағы профилактикалық қонақ дәрісі барысында Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.К. Құрбанбаевамен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер нақты адвокаттық тәжірибемен танысып, студенттерді нақты адвокаттық қызметпен таныстыру, сот жүйесінде құқықтарды қорғау механизмдерін талқылау, кәсіби маманға сұрақ қойып, құнды кеңестер алу, кәсіби құзыреттер мен құқықтық ойлауды дамыту мүмкіндігіне ие болды.
Бұл өз кезегінде тақырыпты тереңірек түсінуге және әрбір қатысушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың саналы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.


Басқа жаңалықтар