Халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында дәрістер
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдік профессорлармен тереңдетілген дәрістер ұйымдастырылды.

Іс-шараға Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің Геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценттері Рузиев Азизжон Савриддинович және Охунову Зиё Дадожонович арнайы шақырту негізінде қатысып, студенттерге кәсіби және заманауи лекциялар оқыды.
Дәрістер тақырыптары:
«Жоғары геодезия»
«Инженерлік геодезия»


Қонақ профессорлар заманауи ғылыми әдістемелерді, қолданбалы тәжірибелерді және халықаралық стандарттарды студенттерге таныстырып, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, зерттеу дағдыларын жетілдіруге және оқу процесін интернационалдандыруға бағытталған мазмұнды лекциялар өткізді.
Бұл дәрістер халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге үлкен үлес қосты.
Ғылым мен білімнің шекарасыз әлемінде бірге жетістікке!
Басқа жаңалықтар