Педагогикалық тәжірбие аясында ашық сабақ өткізілдіFarabi University

Педагогикалық тәжірбие аясында ашық сабақ өткізілді

30 наурыз, 2026

2026 жылғы 27 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының «8D11102 – Туризм және қонақжайлылық» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Демеуова Бақытгул Маратқызының педагогикалық практикасы аясында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ Тұран университеті базасында, 518 аудиторияда (Сәтпаев көшесі, 16А) ұйымдастырылды.

Ашық сабақ «Инновациялық тәуекелдер және оларды басқару. Инновациялық стратегия ұғымы» тақырыбына арналды. Сабақ екі бөлімді қамтыды:

-         16:10–17:00 аралығында семинар сабағы;

-         17:10–18:00 аралығында ашық дәріс өткізілді.

Сабаққа 6B11102 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» және 6B11103 – «Туризм мен қонақжайлылықтағы инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Сабақ барысында инновациялық тәуекелдердің түрлері, оларды басқару әдістері, сондай-ақ инновациялық стратегияның мәні мен маңызы жан-жақты қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, пікір алмасып, практикалық тапсырмалар орындады.

Педагогикалық практика жетекшісі – доцент, г.ғ.к. Молдагалиева А.Е.