ҚазҰУ-дың жаңа цифрлық дәуірі:ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетіFarabi University

ҚазҰУ-дың жаңа цифрлық дәуірі:ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті

2 желтоқсан, 2025

Бүгінде әлемнің қарқынды дамуы цифрлық техноло­гия­лардың үдемелі жетілуімен тікелей байланысты. Өн­ді­ріс, ғылым, бизнес, медицина және өзге де салаларда ақпараттық жүйелер мен жасанды интеллектінің маңызы артып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Цифрлық жаңғыру мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, жоғары білікті ІТ мамандарын даярлауды стратегиялық міндетке айналдырды. 

Қазақстан да бұл процестен қалыс қалмай, цифрландыру саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың ішінде «Ақ­па­раттық технологиялар және жасанды интеллект» бағыты айрықша мәнге ие. Солардың бірі – 2018 жылдан бастап іске аса бастаған «Цифрлық Қазақ­стан» бағдарламасы. Бұл жоба ел экономикасын, әлеуметтік са­ланы және мемлекеттік бас­қа­ру жүйесін кешенді түрде цифрлық жаңғыртуға бағыт­тал­ған. 
ХХІ ғасыр – цифрлық эко­но­мика ғасыры. Ел дамуы жаңа тех­нологияларды игеру қарқы­ны­мен өлшенетін кезеңде 2018 жылдың 15 қаңтарында Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде ақпараттық технологиялар факультетінің ашылуы айрықша маңызды қа­дам болды. «Факультеттің бас­ты мақсаты – Қазақстан мен әлемдік еңбек нарығына қажет бәсекеге қабілетті ІТ маман­да­рын даярлау», – дейді фа­куль­тет деканы Тимур Иманқұлов. 
Жаһандану жағдайында ақ­параттық технологиялар мен жа­санды интеллектінің рөлі ар­тып, олар мемлекеттік басқару, өнеркәсіп, қауіпсіздік және ғы­лым салаларында шешуші құ­ралға айналуда. 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жасанды интел­лект дәуіріндегі Қазақстан» ат­ты жолдау елдің цифрлық тран­с­формацияға қадам ба­судағы нақты стратегиялық ба­ғытын айқындады. Құжатта кадр даярлау, ұлттық ин­фра­құрылымды дамыту, ғылым мен инновацияны ілгерілету және ЖИ негізіндегі жаңа са­ла­ларды қалыптастыру мін­дет­тері ерекше атап өтілді. 
Бұл өзгерістер білім беру жүйесінің даму қарқынын же­дел­детіп, жоғары оқу орын­да­рын жаңа бағыттар ашуға итер­меледі. Осыған орай, 2025 жылдың қыркүйегінде Әл-Фа­раби атындағы ҚазҰУ-дың ақ­параттық техно­ло­гия­лар фа­куль­теті ақпараттық тех­­но­логиялар және жасанды интеллект факультеті болып қайта құрылды. Бұл – уни­вер­ситеттің ІТ саласындағы ғы­лы­ми әлеуетін арттыруға, жа­сан­ды интеллект, деректерді тал­дау және интеллектуалды жүйе­лер бойынша білікті ма­мандар даярлауға бағытталған маңызды реформалардың бірі. 
Бүгінде факультетте бака­лав­риат, магистратура және докторантура деңгейлерінде халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Факультет құрамындағы төрт кафе­дра­ның әрқайсысы цифрландыру, бағ­дарламалық инженерия, жа­санды интеллект және ақ­па­рат­тық қауіпсіздік са­лала­рының дамуына үлес қосып келеді. Тәжірибелі профессор­лар, ғылым докторлары мен кан­дидаттары, PhD мамандар және жас зерттеушілер ғы­лыми-зерттеу жұмыстарын бел­сенді жүргізіп, білім сапа­сын арттыруда. 

 

Заттар интернеті зертханасы 

(Internet of Things) зерт­ха­насы – цифрлық экожүйелерді құ­руға арналған заманауи тех­нологиялық алаң. Зертхана не­гізгі назарын физикалық объек­тілерді біріктіріп, олар­дың деректерін автоматты түр­де жинауға, талдауға және бас­қаруға мүмкіндік беретін смарт жүйелерді әзірлеуге аударады. Мұн­да интеллектуалды сен­сор­лар, микроконтроллерлер, байланыс модульдері және нақты уақыттағы мониторинг платформаларының көмегімен IoT құрылғыларының жұмыс прототиптері жасалады. 
Зертханада жүзеге асы­ры­лып жатқан жобалар: 
Блокчейн технологиясы мен IoMT (Internet of Medical Things) қолданылатын ұйқы бұ­зылыстарын бақылау және диаг­­ностикалау бойынша ин­тел­лектуалды жүйені әзірлеу. 
Терең оқыту әдістері мен IoMT (Internet of Medical Things) арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларын бақылау және ал­дын алудың интеллектуалды жүйе­сін дамыту. 

 

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ақпараттық-коммуни­ка­циялық технологиялар сала­сын­да бәсекеге қабілетті, жо­ғары кәсіби дайындықтағы мамандарды даярлайтын же­текші академиялық орта­лық­тардың бірі. Кафедраның не­гізгі мақсаты – заманауи қо­ғам­ның цифрлық даму та­лаптарына жауап бере ала­тын, интеллектуалдық де­рек­тер­мен жұмыс істей алатын, жа­санды интеллект техно­ло­гияларын мең­герген ин­же­нер­лер мен зерт­теушілерді даяр­лау. 
Бүгінгі таңда цифрлық эко­­номика, автоматтандыру, де­рек­термен басқарылатын жүйе­лер және жасанды ин­тел­лектінің дамуы ақпараттық жүйе­лер саласының рөлін бұ­рын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Осы тұрғыдан алғанда Ақпараттық жүйелер кафе­драс­ы Қазақстанның ІТ-индус­трия­сына кәсіби кадрлар даяр­лауда маңызды орын алып отыр. 
Зерттеу бағыттары: жа­санды интеллект және ин­тел­лектуалды басқару жүйелері, киберқауіпсіздік және ақпа­рат­ты қорғау, үлкен деректерді өңдеу және аналитика, смарт-қалаларға арналған цифрлық платформалар, автомат­тан­ды­рылған басқару жүйелері, цифрлық трансформация ар­хи­тектуралары. 
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары: ақпараттық жүйе­лер­дің архитектурасы мен ма­тематикалық модельдері, жа­санды интеллектіге не­гіз­делген деректерді ин­теллек­туалды тал­дау, табиғи тілді өңдеу (NLP) және көптілді интел­лек­туалды жүйелер, өндірістік және экономикалық жүйелерді цифрландыру, смарт-жүйелер және интеллектуалды басқару, киберқауіпсіздік және де­рек­терді қорғау технологиялары. 

 

Компьютерлік ғылымдар кафедрасы

Ақпараттық техно­ло­гия­лар және жасанды ин­теллект фа­куль­тетінің же­­текші құры­лым­дық бө­лім­шелерінің бірі. Бү­гінде кафедрада шетелдік сту­денттерді қоса алғанда, 500-ден астам студент білім алуда. Оқу процесін ғылым док­торлары, про­фес­сорлар мен шетелдік оқы­тушылары бар жо­ғары білікті про­фессор­лық-оқытушылық құрам қам­та­масыз етеді. Ка­фе­дра Қытай, Ұлы­британия, Германия, Жа­пония және басқа да елдердің же­тек­ші университеттерімен ха­лықаралық ынтымақ­тас­тық­ты белсенді да­мытып келеді. 
Кафедра жоғары бі­лім­нің барлық деңгейлері бойынша кең ауқымды білім беру бағ­дар­ла­ма­ла­рын ұсынады: 
- Компьютерлік инже­не­рия 
- Компьютерлік ғы­лым­­дар 
- Есептеу инжене­рия­сы 
- Бағдарламалық ин­же­­не­рия. 
Ерекше атап өтетіні – есеп­­теу инженериясы және бағ­дар­­ламалық ин­женерия инно­ва­ция­лық бағдар­ла­малары бо­­­йын­ша бакалавр дә­ре­жесін үш жылда алу­ға мүмкіндік бар. Олар IT-ин­дустрияда сұра­ныс­қа ие прак­­ти­ка­лық дағдыларға ба­­сым­дық беретін қарқынды оқу моделіне негіз­дел­ген. 
Магистратура және док­то­­ран­тура деңгейінде Northwestern Polytechnical University (Қы­тай) уни­верситетімен бір­лес­кен «Компьютерлік ғы­лым­­дар және техно­ло­гия­лар» мамандығы бойын­ша қос­­дип­­лом­ды білім беру бағдар­ла­масы жү­зе­ге асы­рылады. Оның ая­сын­­да студенттер оқу­­дың бір бөлігін Қы­тайда өткізіп, қос дип­лом ала­ды. Бұл олар­дың ха­лық­­­ара­лық ең­бек на­ры­­ғын­дағы бә­се­кеге қа­­бі­лет­тілігін едәуір арт­ты­­ра­ды. 

Зертханалар мен ғылыми жобалар

Кафедра зертха­на­ла­рында ғылыми-зерт­теу жұ­мыстары бірнеше ба­­ғыт бойынша бел­сен­ді жүр­гі­зі­луде: жо­ға­­ры өнім­ді есептеулер, жа­сан­ды интеллект, био­ин­фор­ма­тика және же­лілік тех­но­логиялар. Мем­­­­лекет та­ра­пынан қар­­­­жы­ландырылатын жал­­пы саны 12 ірі ғы­лыми жоба іске асы­ры­луда. 
Компьютерлік ғы­лым­дар зертханасы – бағ­дар­ламалау, алго­ритм­дер және деректер құ­­­­­ры­лым­дары сала­сын­­дағы ір­гелі пән­дер­ді мең­геруге ар­налған, за­­манауи есеп­­теу тех­ни­ка­сымен жаб­дық­талған ба­за­лық зерт­ха­на. 
Еділхан Әмірғалиев атын­дағы Жасанды ин­­тел­лект және ро­бо­то­тех­ника зертханасы – ма­ши­налық оқыту, ком­­пью­­терлік көру, та­би­ғи тілді өңдеу және робо­то­техника сала­ла­рын­да студенттер мен зерт­теу­шілер жо­бала­р­мен ай­налысатын ма­ман­дан­дырылған зерт­ха­на. 
Бағдарламалық қам­та­масыз етуді әзірлеу зерт­ханасында сту­дент­тер практика жүзінде за­манауи бағ­дарла­ма­лық жасақтама әзірлеу әдіс­те­мелерін меңгеріп, өзек­ті фреймворктер мен әзірлеу құрал­да­рымен айналысады. 
Ақпараттық техно­ло­гиялар және дизайн бо­йынша студенттік зерт­хана – веб-әзірлеу, мо­­бильді қосым­шалар және UI/UX-дизайн ба­ғыт­тарындағы студент­тік жобаларды жүзеге асы­­ру­ға арналған шы­ғар­­ма­шылық кеңістік. 
Жоғары техно­ло­гия­лық зияткерлік бағ­дар­ла­ма­ланатын жүйелер зерт­ханасы кіріктірілген жүйе­лер, заттар интер­неті және зияткерлік бас­қару жүйелері саласын­да­ғы жобаларды іске асы­рады. 
Компьютерлік ғылым­дар кафедрасы бай ака­демиялық дәстүрлерді ин­новациялық көзқа­рас­пен үйлестіре отырып, студенттерге сапалы IT-білім және ғылыми қыз­метпен айналысуға кең мүм­кіндіктер ұсынады. 

 

Жасанды интеллект және big data кафедрасы

Data Science, жа­сан­ды интеллект және ин­тел­­­лектуалды басқару жүйе­лері бойынша ма­мандар даярлайтын фа­куль­теттің жетекші бө­лімшесі. Барлық білім бе­­ру бағдарламалары ха­­лықаралық аккре­ди­та­циядан өткен. Бұл олар­дың сапасының жа­һан­дық деңгейде мо­­йын­далуын қамтамасыз етеді. 
Бакалавриат деңгейі бойынша: 
«6B06107 Деректер туралы ғылым», 
«6B06109 Жасанды ин­теллект» 
«6B07113 Ин­теллек­туал­­ды басқару жүйесі» білім беру бағдар­ла­ма­лары бар. 
Магистратура дең­ге­йін­­де: 
«7M06115 Деректер ту­ралы ғылым», 
«7M07113 Бизнес тал­дау мен Big Data» 
«7M07128 Ин­тел­лек­туалды басқару жүйе­ле­рі» білім беру бағ­дар­ла­малары бар. 
Докторантура деңгейі бойынша: 
«8D06107 Деректер ту­ралы ғылым» 
«8D06114 Медицина са­ласындағы жасанды ин­­теллект» 
«8D07109 Автомат­тан­дыру және Internet of Things» 
«8D07116 Интел­лек­туал­­ды басқару жүйе­лері» білім беру бағ­дар­ла­ма­лары бар. Ка­­федрада сон­­дай-ақ Қытайдың Northwestern Polytechnical University (NPU) уни­вер­ситетімен бірлескен қосдипломды «Жасанды интеллект» бағдар­ла­ма­сы іске асырылады. 
Кафедра заманауи ғылыми ин­фрақұ­ры­лым­мен қамтамасыз етілген. Зертханаларда түрлі жо­ба­лар жүзеге асады. 

 

Жасанды интеллект зертханасы 

(AI) заманауи интеллек­туал­­дық технологияларды зерт­­­теу және әзірлеу ба­ғы­тында жұмыс істейтін ғылыми ор­талық. Зертханада ма­ши­налық оқыту, терең нейрондық желілер, компьютерлік көру және табиғи тілді өңдеу са­ла­лары бойынша қолданбалы және теориялық зерттеулер жүргізіледі. Жоғары өнімді GPU серверлері мен бұлттық есеп­теу ресурстары күрделі мо­дель­дерді үлкен көлемді де­рек­­тер негізінде оқытуға мүм­­кіндік береді. 
Зертханада жүзеге асы­ры­­лып жатқан жобалар: 
Пациенттердің инсульттан кейінгі жоғарғы қол-қимыл қоз­ғалысын компьютерлік көру және геймификация техно­ло­гия­лары арқылы қалпына кел­тіру. 
Оңтүстік Қазақстан өңірін тұ­­рақты дамыту үшін ин­но­ва­циялық технологияларды әзір­леу және заманауи ин­фра­құ­рылым құру. 
Қазақ тілін және техно­ло­гия­лық прогресті қолдау үшін үлкен тілдік модельді (LLM) құру. 
Өнеркәсіпке арналған ци­­­фрлық егіздер зерт­ха­на­сы (Digital Twins) – өндіріс нысан­да­рының виртуалды кө­шір­­ме­сін жасау арқылы олар­дың жұ­мы­сын модельдеу, бол­жам­дау және оңтайландыруды жүзеге асыратын ерекше ғы­лыми ор­талық. Бұл зертхана Industry 4.0 концепциясына то­лық сәй­кес келеді және өнер­кәсіптік про­цестерді ци­фр­лық тран­с­фор­мациялау ба­ғы­тында үлкен рөл атқарады. 
Зертханада жүзеге асыры­лып жатқан жобалар: 
Жасанды интеллект және IIoT технологияларын қолдана отырып, тамақ өңдеу кәсіп­ор­нының цифрлық егізін жасау. 
Цифрлық иннова­ция­лық ше­шімдер зертханасы (Erasmus) – заманауи IT өнім­де­рін, цифрлық сервистерді және интеллектуалды плат­фор­ма­лар­ды әзірлеуге бағыт­тал­ған ғылыми-инженерлік ор­талық. Зертхана веб және мо­бильді қосымшалар, смарт авто­мат­тандыру жүйелері, де­рек­терді тал­дау құралдары және бұлт­тық архитек­тура­лар­ға негіз­дел­ген қолданбалы ше­шімдер жасайды. 
Зерт­ханада жүзеге асы­ры­лып жатқан жобалар: 
Erasmus+ «Fostering Dual Green and Digital Transitions through Education and Innovation in the Neighbourhood East, Central Asia, and Asia – GreenTech Horizons» 

 

Киберқауіпсіздік  және криптология кафедрасы

 

Ақпараттық қауіп­сіз­дік, киберқауіпсіздік, крип­тография, қауіпсіз бағдарламалық жасақ­та­ма және цифрлық кри­ми­на­листика салаларында жоғары білікті мамандар даярлайтын Қазақ­стан­да­ғы жетекші ғылыми-бі­лім беру орталықтарының бірі. Кафедраның басты мақсаты – ақпараттық инфрақұрылымды қор­ғау, кибероқиғаларды анық­тау және алдын алу, за­манауи крип­то­гра­фия­лық жүйелерді жобалау, ақпараттық қауіпсіздік ау­дитін жүргізу сияқты ма­ңызды бағыттарда теориялық және прак­ти­ка­лық тұрғыдан терең дайын­дыққа ие маман­дар­ды қалыптастыру. 
Киберқауіпсіздік жә­не криптология ка­фе­­дра­сы мынадай бі­лім беру бағ­дар­ла­ма­ла­рымен жұ­мыс іс­­тейді: 
Бакалавриат деңгейі бойынша: 
«6B06301 – Ақпарат­тық қауіпсіздік жүйелері»  
«6B06302 – Крип­то­логия» 
Магистратура дең­гейі бойынша: 
«7М06301 – Ақпарат­тық қауіпсіздік жүйелері», 
«7М06302 – Ақ­па­рат­тық қауіпсіздік аудиті», 
«7М06303 – Крип­то­логия». 
Докторантура (PhD) деңгейі бойынша: 
«8D06301 – Ақпарат­тық қауіпсіздік жүйелері» 
«8D06303 – Крип­то­ло­гия». 
Кафедраның ғы­лы­ми-зерттеу және инно­ва­­ция­лық қызметі 
Киберқауіпсіздік жә­не криптология ка­фе­дра­сы ақпараттық жүйелерді қорғау және кибер­қауіп­терді болжау саласында кең ауқымды ғылыми зерт­теулер жүргізеді.

Зерт­теу бағыттары: 
• Киберқауіпсіздік жә­не ақпаратты қорғау жүйе­­­лері 
• Криптография жә­не криптографиялық хат­тамалар 
• Жасанды интеллект және машиналық оқыту негізінде қауіптерді тал­дау 
• Биоақпараттық де­ректерді қорғау 
• Ақпараттық жүйе­лер­ді қауіпсіздік аудиті және модельдеу 
Кафедра оқы­тушы­ла­ры халықаралық кон­фе­рен­циялар мен се­ми­нар­ларда баяндама жасап, Scopus және WoS ба­за­ла­рындағы журналдарда ғылыми мақалалар жа­рия­­лайды. Студенттер ғы­лыми жобаларға қа­тысып, хакатон, стартап және ин­но­вациялық жа­рыстарға тартылып, прак­тикалық дағ­дыларын же­тілдіреді. 

 

Маңызды ғылыми жобалар 

«Қазақстан Респуб­лика­сы­ның заңнамасы саласындағы мемлекеттік тілге арналған се­ман­тикалық тәсілдерге не­гіз­делген интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесінің моделі». «Түркі тілдерінің параллель сөйлеу кор­пусының автоматты гене­ра­циясын және олардың ней­рондық модельдер үшін қол­да­нылуын зерттеу». Жоба түркі тіл­деріне арналған сөйлеу де­ректерінің үлкен корпусын автоматты түрде құруға және оны заманауи жасанды интел­лект модельдерінде қол­да­нуға бағытталған. Оның шең­бе­рінде қазақ, түрік, өзбек, қыр­ғыз және басқа түркі тіл­дері бо­йын­ша аудио және мә­тіндік де­ректер жи­нақ­та­ла­ды. «Өн­діріс­тік кәсіп­орын­дар үшін ре­сурс­тарды оң­тай­лы бө­лу­дің интеллектуалды ақ­па­рат­тық жүйесін әзірлеу және оның даму динамикасын бол­жау». 
Сонымен қатар кафедра ха­лықаралық ғылыми қауымд­ас­тық­тармен тығыз байланыста жұмыс істеп, студенттердің ғы­лыми жобаларға қатысуын, стартаптар мен инновациялық бастамаларды дамытуын қол­дайды. Зертханалық инфра­құ­рылымның жаңаруы мен за­манауи техникалық базаның болуы студенттердің прак­ти­ка­лық дағдыларын шыңдауға мүм­­кіндік береді. 

 

Қорытындылай келе айтарымыз, ақпараттық технологиялар және жа­сан­­ды интеллект факультеті еліміздің цифрлық даму бағытына елеулі үлес қосып отыр. Жоғары ғылыми әлеуеті бар ұжым инновациялық жобаларды жүзеге асырып, халықаралық деңгейде сұранысқа ие ІТ мамандарын даяр­лауда. Университеттің осы бағыттағы трансформациясы Қазақстан­ның цифрлық болашағын қалыптастыруға арналған маңызды стратегиялық қа­дам. 
Факультет инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу, өндірістік серіктестікті кеңейту, ғылыми жобалар мен стартаптарды қолдау арқылы елдің цифрлық экожүйесін дамытуға нақты үлес қосуда. Студенттер мен жас ғалымдар заманауи технологияларға негізделген зерттеулер жүргізіп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті нәтижелерге қол жеткізіп келеді. 
Сонымен бірге факультетті қайта құрылымдау еліміздің ІТ және жа­санды интеллект салаларын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды стра­те­гия­лық шешім саналады. Бұл өзгеріс Қазақстанның цифрлық транс­фор­ма­циясына қажетті кәсіби кадрларды даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашып, университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін одан әрі күшейте түсті. Осы­лайша факультет тек білім ордасы ғана емес, сондай-ақ Қа­зақ­станның цифрлық болашағын қалыптастыратын ірі зияткерлік орталыққа айналып отыр.

 
Айгерім  САМЕТОВА, 
оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы 
жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы