Almaty Tourism Report 2025» іс-шарасына қатысу
«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының үшінші курс студенттері рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Моминов С.А.-ның жетекшілігімен Алматы қаласы Туризм басқармасы мен Almaty Tourism Bureau ұйымдастырған «Almaty Tourism Report 2025» іс-шарасына қатысты. Іс-шара «Renion City» қонақ үйінде өтті.

Кездесу 2025 жыл қорытындысы бойынша Алматы қаласы Туризм басқармасы мен Almaty Tourism Bureau қызметінің нәтижелерін талқылауға арналды. Іс-шара барысында негізгі жетістіктер, жүзеге асырылған жобалар және қаланың туристік саласын дамыту перспективалары ұсынылды.
Осындай іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, туризм және қонақжайлылық индустриясының практикалық қырларымен танысуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар