Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары Ташкентте ғылыми тағылымдамадан өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары Ташкентте ғылыми тағылымдамадан өтті

3 сәуір, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті магистранттары халықаралық ынтымақтастық аясында Мұхаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті базасында ұйымдастырылған ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады.

Тағылымдама 22 наурыз бен 4 сәуір аралығында өткізіліп, оның қорытындысы ретінде 3 сәуір күні қатысушы магистранттарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Аталған іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталды.

Бағдарлама барысында магистранттар заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, жетекші ғалымдармен бірлескен талқылауларға қатысты, тәжірибе алмасып, өз ғылыми жобаларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, тағылымдама аясында дәрістер, практикалық сабақтар және зертханалық жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ерекше назар аударылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жас зерттеушілердің халықаралық деңгейде білімін жетілдіруіне, ғылыми әлеуетін дамытуға және әлемдік академиялық кеңістікке интеграциялануына әрдайым қолдау көрсетеді.

Ғылыми тағылымдамадан өткен магистранттарға алдағы зерттеу жұмыстарына табыс, тың идеялар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!