Сайдағали Д.С. "Таза Қазақстан"тақырыбында дәріс өткіздіFarabi University

Сайдағали Д.С. "Таза Қазақстан"тақырыбында дәріс өткізді

26 наурыз, 2026

2026 жылғы 26 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс докторанты Сайдағали Д. С. «Таза Қазақстан» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріске кафедра студенттері қатысып, тақырыпқа жоғары қызығушылық танытты. Дәріс барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Оқытушы алдын ала дайындалған презентация негізінде баяндама жасап, студенттермен белсенді пікір алмасу жүргізді.