ТДМ 4. «Теңеулерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында ғылыми семинар өтті
2026 жылғы 31 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Теңеулерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты – білім беру үдерісінде теңеулерді орынды әрі тиімді қолдану әдістерін талдау, олардың ғылыми және әдістемелік негіздерін жетілдіру, сондай-ақ оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдерді ұсыну болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға теңеулерді қолданудың негізгі қағидалары мен талаптары кеңінен түсіндірілді. Теңеулердің құрылымдық ерекшеліктері, мазмұндық маңыздылығы және оқу үдерісіндегі рөлі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, оқыту тәжірибесінде қолдануға арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Ғылыми семинар кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушылар арасында мазмұнды пікірталас жүргізілді. Ұсынылған материалдар білім беру сапасын арттыруға, оқыту әдістемесін жетілдіруге және студенттердің танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Аталған семинар білім беру үдерісін жаңғыртуға және педагогикалық шеберлікті арттыруға өз үлесін қосады деп күтілуде.
Басқа жаңалықтар