- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Mendeley бағдарламасымен жұмыс жөніндегі нұсқаулық» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді
«Mendeley бағдарламасымен жұмыс жөніндегі нұсқаулық» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Mendeley платформасы – ғылыми зерттеудің сенімді серігі» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді жеңілдету, дереккөздерді тиімді басқару және дәйектеу үдерістерін автоматтандыруда заманауи цифрлық құралдарды таныстыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуде кездесетін негізгі мәселелер, атап айтқанда сілтемелерді рәсімдеудің күрделілігі, әдебиеттер қорын басқару және ақпаратты әртүрлі құрылғылар арасында синхрондау қиындықтары талқыланды. Осы мәселелерді шешудің тиімді құралы ретінде Mendeley платформасының мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.
Семинарда Mendeley бағдарламасының негізгі функциялары, соның ішінде әдебиеттер базасын құру, PDF файлдарды импорттау, метадеректерді автоматты түрде алу, Word бағдарламасымен интеграциялау және сілтемелер мен әдебиеттер тізімін автоматты түрде қалыптастыру жолдары түсіндірілді.
Қатысушыларға практикалық нұсқаулықтар ұсынылып, ғылыми зерттеулерде цифрлық құралдарды тиімді пайдалану дағдылары қалыптастырылды. Сонымен қатар, Mendeley бағдарламасының басқа референциялық менеджерлермен салыстырғандағы артықшылықтары көрсетілді.
Аталған семинар ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға, академиялық жазу сапасын арттыруға және білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды кеңінен қолдануға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар