«Жаңа Жібек Жолы: сыртқы және ішкі факторлары»
«Жаңа Жібек Жолы: сыртқы және ішкі факторлары»
Австрия Республикасымен дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және Германдық зерттеу орталығының 5 жылдығына орай «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдар конференциясы шеңберінде 2017 жылдың 12 сәуірінде «Жаңа Жібек Жолы: сыртқы және ішкі факторлары» тақырыбына секция отырысы өтті.
Негізгі спикер-Австрия Елшілігінің Сауда бөлімі меңгерушісі, экономика мәселері бойына кеңесшісі Михаэль Мюллер «Austria‘s Economy and the New Silk Road» («Австриялық экономика және Жаңа Жібек жолы») атты баяндамасын баяндады. Альпі республикасы туралы фильм «What have Australians done for us?» пікір-талас тақырыбына кіріспе ретінде және викторина түрінде болды. Студенттер Австрияның көрікті жерлерін, танымал тұлғаларын, бүкіл әлемге танымал австриялық компанияның, тауардың, өндірушілердің брендтерін дұрыс атауға тырысты. Белсенді студенттерге австриялық эмблемасы бар жейделер естелікке берілді. М. Мюллер мырза өзінің презентациясында Австрияны тек қана классикалық музыка және сурет өнерімен емес, сонымен қатар әлемдік сауда державасы ретінде таныстырды. Ол өзінің мемлекетін Жібек жолында экономикалық және сауда саласынан басқа ешқандай геосаяси мүддесі жоқ екендігін айтып кетті. Австрияның экспорттық мүмкіндіктері жоғары. Мысалы 55.000 экпорттаушы сауда-компаниялардың ішіндегі 10% Астрияға тиесілі. Бүгінгі күні Қытай мен ЕО арасындағы сауда 117 млн. тонна болса, 2020 жылы 170 млн тонна жетеді деп болжамдалуда. Теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығы Қазақстан мен Австрияға ортақ тақырып. Осыған орай олар Жібек жолындағы сауданы жүзеге асыратын мультимодальді логистикалық хабтарды жасап шығаруға мәжбүр. М. Мюллер Ли Сяцзюань (Li Xiajuan), Уилмот Акзия және Мухтар Аяпбергенов, Инкар Оспанова секілді студенттердің баяндамаларын тыңдап, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, пікір-таластарға белсенді қатысты.
Секция отырысына Халықаралық қатынастар факультетінің деканы К.Н. Шакиров, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Е.С. Чукубаев қатысты. Іс-шара ұйымдастырушылары – профессор М.Ш. Губайдуллина, доц. Ж.Қ. Идрышева (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Германдық зерттеу Орталығы).