Сенатор Н. Абықаев ҚазҰУ-ға келді
Рухани жаңғыру – ұлт болашағы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықаевтың төрағалығымен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы Президиумының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының талаптары мен басым бағыттары талқыланды. Өз сөзінде Н. Абықаев Елбасының қазақстандықтар үшін қоғам жаңғыруы түсінігінің маңызды міндеттерін анықтап, біртұтас қуатты ұлт пен жауапкершілігі мол адамдардан құралған ел болуды алға қойғандығын атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, нақты жалғыз адам мен бүтіндей тұтас ұлттың бәсекеге қабілеттілігі сапаға тәуелді. Оған жету үшін бірінші кезекте қоғам санасын өзгертіп, мінсіз жиынтық құру керек. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанұлы жиында сөйлеген сөзінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың тиімділігі елдің дамуы мен инновациялық екпінін алып келетіндігіне назар аударды. Инновациялық мақсатты көздеп, қоғам ұлттық сәйкестікті сақтауды, білім мен ұлттық кодты өсіруді ойлау керек. Ғылыми қоғамдастық жоғары сатылы кәсіпқой мамандар мен ел азаматтары үшін рухани ынталандырудың қалыптастыру драйвері болып табылады.
Жиын барысында Н. Абықаевтың «Приоритеты устойчивого экономического развития на этапе новой (третьей) модернизации Казахстана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап Елбасы Жолдауына ғылыми негізде түсінік береді. Онда Қазақстанның халықаралық шаруашылық жүйесіндегі орнын өзгерткен ішкі саясаттың оңды нәтижелері сипатталған. Автор өз еңбегінде негізгі мәнді Президент стратегиясына береді. Экономика негізі және Еуразия бірігуінің алғышарттары ретінде Елбасының инновациялық ұсыныстарына, сонымен қатар ашық экономиканың жаңа үлгісіне баса назар аударған. Энергоэкология стратегиясына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылыми көзқарастары да кітаптан ерекше орын алған. Стратегияның инновациялық жаңартулар мен оның келешектегі қауіпсіздігі үшін сұранысы жоғары. «Осы ретте ЭКСПО дүниежүзілік көрмесінің Қазақстанда, Астанада ұйымдастырылып жатқандығының мәні зор. Қазақстандық ғалымдар мен инженерлер конгресс өткізу арқылы энергетиканың қалыпқа келетін баламалы қайнар көздерінің заманауи үрдісін талқылайтын болады», – деді Нұртай Абықаев.
Алқалы кеңесте Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, профессор Анатолий Спицин сөз алып, Қазақстанның даму жетістіктерін және табыс жолын халықаралық қоғамдастық жоғары бағалағандығын тілге тиек етті. Президент жоспары Қазақстан дамуының стратегиялық нысандарына бағытталған. Жоспардың сәтті орындалуы жақсы нәтижелерге жеткізіп, 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жиында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы қоғамдық бірлестігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Стратегиялық серіктестік орнату арқылы ғылыми-техникалық және білім беру бағыттарында ортақ күш жұмсау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Баспасөз қызметі