Халықаралық жаздық лингвистикалық мектебі
Халықаралық жаздық лингвистикалық мектебі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы (кафедра меңгерушісі – филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева) мен «Орыс тілі және мәдениет» орталығында (жетекшісі – филол.ғ.к., доцент М.Қ. Мәмбетова) «Русский мир» фондының қолдауымен ҚазҰУ-да «Русский язык и культура: традиции, новации и перспективы» тақырыбында халықаралық жаздық лингвистикалық мектебі өтті. Қатысушылар – ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар, докторанттар және оқушылар (Қазақстан, Қытай, АҚШ, Канада, Түркия).
Сабақтарды профессор Наталья Брагина (А.С. Пушкин атындағы орыс тілі Мемлекеттік институтының орыс әдеби тілі мен мәдениаралық коммуникация кафедрасы / РМГУ лингвистикалық институтының орыс тілі кафедрасы), доцент Левон Саакян (А.С. Пушкин атындағы орыс тілі Мемлекеттік институтының жалпы және орыс тіл білімі кафедрасы) және доцент Оксана Казаченко (Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар мен басқару институтының шетел филологиясы)сияқты Мәскеу университеттерінің оқытушылары жүргізді.
«Русский язык и культура: традиции, новации и перспективы» Халықаралық жаздық лингвистикалық мектебі» жобасының мақсаты - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Русский мир» фонды арасында жасалған серіктестік келісімді жүзеге асырып, қазіргі кезеңдегі орыс тілі мен мәдениетін дәріптеу. Сондай-ақ орыс тілі мен мәдениетін меңгеруде және оқытуда өзекті мәселелерге арналған дәрістерді, мастер-кластар мен семинарлар жүргізу.
Жазғы мектеп аясында қазіргі әлемдегі орыс тілі мен оның дамуының деңгейін көрсететін мәселелер қойылып, сонымен қатар орыс тілінің ана тілі мен шетел тілі ретінде оқытудың әдістемесі де қарастырылды. Тақырыптық дәрістерде қазіргі лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, мәдениаралық коммуникация теориясы мен практикасы: орыс тілі жаһандану мен интеграциялану кезеңіндегі жоғары коммуникативтік дәреже ретінде жаңа технологиялар, мәдениаралық коммуникацияның жетістіктері мен болашағы, сондай-ақ орыс лингвомәдениеті мен өзге лингвомәдениеттерімен салыстыру, тақырыптық классификатор құрастыру мәселесі, жаһандану кезеңінде орыс тіліндегі белсенді үдерістер, мәдениаралық коммуникация оқытудағы стратегиялар: мәдениаралық сезімталдылықты тәрбиелеу, мәдени тосқауылдар мен коммуникативтік қателіктер, орыс тілі тұтынушылар қоғамының мәдениеті қызметінде, кірме үдерісі мәселесі орыс тілдік сананың, орыс әлемінің құндылықтарының өзгеруі факторы ретінде әмбебап, ұлттық, тұлғалық сияқты өзекті мәселелері талқыланды.
Жазғы мектеп аясында бірнеше мастер-кластар мен семинарлар өтті: «өзге» бейнелер: стереотиптер, этностереотиптер және бүгінгі заман, Мәдени тосқауылдар және коммуникативтік қателіктер, Сананы билеудегі тілдің рөлі, Ойлап тұрғаныңды қалай айтып ренжітпеу керек? (Эвфемия және митигативті тәжірибелер), Орыс құндылықтарының дамуының шартты факторлары, Әлем кеңістігіндегі орыс тілі: қауіп-қатер, тәуекел, болашағы. Осымен қатар дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, мектеп оқушылары келесі сұрақтарға жауап іздеді: Жаһандану кезеңіндегі Орыс тілі мен Орыс әлемі, Тіл нормасының бұзылуы, бейімделуі немесе варианттылық?
Жаһандану кезеңінде орыс тілінің дамуының қазіргі үрдісі интернационалдық лексикамен және оның демокартизациялануы мен белсенді неологизациялануын сипаттайды. Себебі, қазіргі уақытта орыс тілі мәдени және қоғамдық феномен ретінде күрделі өзгерістерді өткеруде, сонымен қатар орыс тілінің әдеби нормасына интернет пен бұқаралық ақпарат құралдарының байланысының рөлі сынды сұрақтар талқыланды.
Бұл модификациялар тілдің қызмет етуінің барлық деңгейлерін қамтиды – фонетикалық, грамматикалық, лексикалық және синтаксистік. Салыстыра келе орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ мәселелер айқындалды. Орыс тілі мен қазақ тіліндегі кірмеленудің рөлі, қақтығыстар мен мәдениаралық қатынастар мәселелері талқыланды. Аталмыш үрдістер тек орыс тіліне ғана тән бірегей процес емес: олар белгілі бір деңгейде қазақ тілі мен мәдениетінде де кездеседі, олар оқшауланбай бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Анықталған үрдістер негативті немесе позитивті болып бағалана алмайтындығы лингвист ғалымдар, магистранттар, докторанттар және КазҰУ студенттер арасындағы қызу пікірталастан көруге болады.
Қорытынды іс-шарада дәріскерлер мен қатысушылар жазғы мектептің жоғары деңгейлігін атап, Халықаралық жаздық мектептің алдына қойған міндеттерінің толық орындалғандығын өкім етті. Талқыланған мәселелер қатысушылардың қызығушылығын оятып, еліктіруі осындай іс-шараның өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді.
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы