Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі ғылыми-технологиялық және экологикалық мәселелердің математикалық моделі

12 мамыр, 2010

«Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі ғылыми-технологиялық және экологикалық мәселелердің математикалық моделі» атты VII Қазақстан-Ресей халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

27-30 қыркүйек 2010 ж.

Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ҚР Ұлттық инженерлік академия, РҒА СБ Есептеу технологиялар институты, М.А. Лаврентьева атындағы гидродинамика институты РҒА СБ, Қазақ-Британ техникалық университеті 2010 жылдың 27-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті негізінде VII Қазақстан –Ресей халықаралық ғылыми -әдістемелік конференциясын өткізеді, тақырыбы «Мұнай өндіру өнеркәсібіндегі ғылыми-технологиялық және экологикалық мәселелердің математикалық моделі».

Бірінші "Қазақстан –Ресей мұнай өндіру саласындағы ақпараттық технологиялар" конференциясы 1997 жылы математик ғалымдар Ш.С. Смагулов және В.Н. Монахов қолдауымен өткен.Соңынан, мұндай қазақстандық және ресей мамандарының кең ауқымды форумы әрдайым өтіп тұратын болды және Қазақстандық ғалымдардың өзге ел ғалымдарымен қатынасын кеңейтті, белгілі математиктер, механиктер,мұнайшылар мен экологтардың мақсаттарын біріктіру арқылы халықаралық дәрежеге және белгілі бір бағытқа ие болды.

Конференцияның міндеті мен мақсаты жаңа ақпараттық технологияларды мұнай өндіру саласында қолдану арқылы математикалық моделдеудің өзекті мәселелерін қарастыру.Конференция жұмысында сұйықтықтар мен газдардың көпфазалы ағындарын, көмірсутек шикізатын өңдеу, өндіру және жеткізу, Каспий теңізіндегі акваторий теңіз құрылыстарының қауіпсіздігі, ғылым,техника және білім саласындағы ақпараттық технологиялар, мұнай және газ өндіру орнында экологиялық мәселелерді есептеу аспекттері және т.б. қарастыру жоспарланған.


КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ

Секция 1.

Мұнайгаз комплексінің мәселесі және экология

Секция 2.

Көпфазалы ортаның динамикасының математикалық моделдеу

Секция 3.

Көмірсутек шикізатын өңдеуде,өндіруде және жеткізудегі есептеу және ақпаратық технологиялар

Секция 4.

Мұнайгаз өндіру саласындағы экологиялық мәселелердің есептеу технологиясы

Секция 5.

Ғылым,техника және білім саласындағы ақпараттық технологиялар

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ.

Конференция 2010жылында 27-30 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті негізінде Қазақстан Республикасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, механика-математика факультетінің мекен-жайында өтеді.

Осы шара жөніндегі ең маңызды ақпарат үнемі Конференция сайтында шығып тұрады: http://conf.kaznu.kz/KRISPC-2010

КОНФЕРЕНЦИЯДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТІЛДЕР: ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН

Қатысуға өтініш

Электронды тіркелу және баяндама жасауға өтінішін толтыру 2010 жылдың 10 шілде дейін ұйымдастырушы комитеттің интернет парағының интерфейсі арқылы қабылданады. (орыс,ағылшын,қазақ тілдерінде)

http://conf.kaznu.kz/KRISPC-2010


ЖАРИЯЛАНЫМДАР

I. Баяндаманың қысқаша аннотациясын электронды жариялау үшін, қатысушы тіркелуден өткеннен кейін, 2010 жылдың 10 шілдесіне дейін, қысқаша аннотацияның мәтінін, формуласыз және графикалық суреттерсіз, 0,25 парақ көлемінде (А4 форматында) Ұйымдастырушы комитеттің интернет парағының (http://conf.kaznu.kz/KRISPC-2010 интерфейсінде ұсыну керек

II. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары Еңбектер жинағында басылып шығарылады. Баяндама мәтіні басып шығару үшін электронды түрде 2010 жылдың 10 шілдеге дейін ұйымдастырушы комитетке (Lazzat.Dairbaeva@kaznu.kz келесі талаптарға сай өткізіуі тиіс (баяндаманы дайындау үлгісі қосымшада) :

1) баяндама мәтіні 6-7 парақ көлемінде (қазақ,орыс және ағылшын тілі) А4 пішінінде Word 2003 пішінінде жазылуы тиіс

2) Формулалар Microsoft Equation редакторы арқылы жазылуы тиіс, көлемі: қарапайым – 12 пт, үлкен индекс – 10 пт, кіші индекс – 7 пт, үлкен символ – 22пт, кіші символ – 12 пт.

3) Беттің жиектері: жоғарғысы – 2 см, төменгісі – 2 см, оңынан – 2, солынан – 3 см;

4) шрифт: Times New Roman, Times New Roman KZ, размер – 12; интервал – біреулік;

5) Баяндама аты 14 шрифтпен ортадан жазылады. Жаңа жолдан бастап 12 шрифтпен авторлардың фамилисы және аты-жөні жазылады. Келесі жаңа жолда кіші әріппен жұмыс орны(қысқартылмай), қала, ел, E-mail толтырылады.

6) аннотация, курсивпен және 11 шрифтпен жазылады;

7) суреттерге анықтамалар 10шрифттегі кіші әріптермен жазылады(ортада);

8) сөздердің орнын ауыстыру автоматты түрде жүзеге ауысуы тиіс;

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

2010 жылдың 10 шілдеге дейін

Қатысушыларды тіркеу,баяндаманы жариялауға толтырылатын өтініш, тезистерді,баяндаманы электронды түрде ұсыну

2010 жылдың 10 тамызына дейін

Баяндаманың бағдарламаға енгізілгені жөнінде хабарландыру

2010 жылдың 5 қыркүйегіне дейін

Конференцияға қатысуға шақыру

2010 жылдың 10 қыркүйегіне дейін

Келу жөнінде ақпарат беру,келгенін растау

2010 жылдың 27 қыркүйекке дейін

Келу күні

2010 жылдың 30 қыркүйекке дейін

Кету күні

Ұйымдастырушы комитет мекен-жайы

Наргозы Турсынбаевич Данаев
Тел.:8 (727) 292 40 59

Ляззат Мансуровна Даирбаева
Тел.: 8 (727) 292 54 18

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, механика-математика факультеті

Алматы қаласы , Масанчи көш, 39/47

Қазақстан Республикасы индекс:050012

Факс: 8 (727) 2925418

Ұйымдастырушы комитеттің электронды мекен-жайы:

1 күнделікті хабарласу үшін – Lazzat.Dairbaeva@kaznu.kz; Nargozy.Danaev@kaznu.kz

2 баяндама мәтінің жіберу үшін – Lazzat.Dairbaeva@kaznu.kz;Bagdat.Aetova@kaznu.kz

Барлық қосымша ақпарат http://conf.kaznu.kz/VII-KRISPC-2010