Ақпараттық хабарландыру

18 мамыр, 2010

Ана Кастийо 1953 жылы туылып, АҚШ-тың Чикаго қаласында өмір сүрді. Испан тілі – оның бірінші және ана тілі болды. Ана мектепті және колледжді Чикагода бітіріп, Солтүстік-шығыс Иллинойс университетінде оқыды.

1979 жылы ол Чикаго университетінде Латын Америка және Кариб аймағының тарихы мен мәдениетінің магистр дәрежесін алды. Ана мегаполис арасында «Бұл үлкен қала болғандықтан – әлемдік көптеген наным мен әдет-ғұрып араласқан мәдениеттің арқасында біліммен өсесің» деген сөзімен асыра мақтауға ие. Ана өзінің докторлық диссертациясын Германиядағы Бермен университетінде алды. Ана өзінің диссертациясын емес, Эссе бөлімін жазып, аяғында ол «Бойня мечтаний» жинағына біріктірді.

Кастийо, бірінші өлеңін балалар алаңында өзінің әжелерінің біреуіне жазғанын мойындайды. Ана 70-шы жылдардың ортасында шындап жазушылықпен айналысады, ақындық дарындылығымен «Чикано» қоғамдық қозғалысын мадақтады, және оның бірінші өлеңі 1975 жылы ұлттық танымдылыққа ие болды. Тони Моррисон оның ең алғашқы идалы болды, сонымен қатар ол Анаис Нинге еліктеді. Кешірек Ана «әйелдер мен ерлер өкілдерінің арасындағы «Чикано» қозғалысына өзінің қарсылығын білдірді. Ол бұл бағытты тастап 1979 жылы «Шақыру» кітабын жазады. Бұл кітап еркектердің келіспес қайшылығын тудырып, латын қаһармандарын насихаттайтын саясатты ашты.

80-ші жылдардың ортасы, 90-шы жылдардың басында Ана Кастилло әртүрлі Калифорниядағы колледждер мен университеттерде әйелдер құқығы курсынан дәріс берді. Міне осы уақытта Ана «Письма Микскиахуалы» (1986), «Мой отец - Толтек» (1988), «Сапагония» (1990) жазды.

Кастийо самоидентификация, расизм, классицизм жөнінде мәселелерді көтереді. Көбінесе оның қаһармандары – тәуелді емес әйелдер болды. Оның романдары шындыққа әкеліп соқтырды. Әсіресе бұл «Сапогония» ойдан шығарған метистер туратын әлем романында байқалады. Оның еңбектері көптеген тілдерге аударылған.

Ана Кастийо Los Angeles Times and Salon .

http:// en.wikipedia.org/wiki/Ana_Castillo