Ағылшын тіліне оқыту методикасының жаңа бағыттары

8 маусым, 2010

2010 жылдың 7 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –да Жеңіс күнінің 65-жылдығына арналған «Ағылшын тіліне оқыту методикасының жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинарға Британдық Кеңестің өкілдері қатысты, МакМиллан баспасы, Алматы қаласы ЖОО-ның ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы КазҰПУ, АТУ, Байланыс және коммуникациялар Академиясы, АҚҚУ, Алматы Аграрлық Университеті, Жүргенов атындағы өнер Академиясы.

Семинар бағдарламасы аясында ҚазҰУ және МакМиллан баспасы атынан Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық байланыстар орталығында стендтік көрме ұйымдастырылды. Семинарды Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық байланыстар орталығының директоры Бимағамбетова Жібек Тобылбаевна Ағылшын тілінің Қазақстанда жүргізілуі туралы сөз сөйлеп ашты. «Жаңа уақыт, жаңа жағдайлар шет тілдердің өткізілуінің тек жалпы әдістемесі емес, сонымен қатар нақты әдістері мен жолдарын түбегейлі өзгертулерді қажет етті» - деп атап өтті Ж.Т. Бимағамбетова. «Бұл жаңа жағдайлар – Қазақстан үшін жаңалық болды: Әлемдік қауымдастыққа екпіндетіп енуі, Саясаттың, экономиканың, мәдениеттің, идеологияның зор ауытқулары, елдер мен тілдердің бір-бірімен өзара араласуы, шатасуы, қазақстандықтар мен шетелдіктердің өзара қарым-қатынастарының өзгеруі, қатынастың түбегейлі жаңа мақсаттары – осы жағдайлардың бәрі ағылшын тілін оқытудың теориясы мен практикасында жаңа проблемалар туғызды».

Тренингтерді Британдық Кеңес сөз сөйлеп ашты. Ардақ Бектурова және Брайан Магуаер ағылшын тілін оқытуда жаңа интерактивті әдістерді қолдану жөнінде айтты, сонымен қатар жалпы ағылшын тілін оқытуды Қазақстанда дамыту жөнінде айтты.

Аты шулы «Global» оқулығының авторы Линдси Клэндфилд сол күннің жеңімпазы болды. Линдси Клэндфилд – оқытушы, ағылшын тілі оқытушыларының нұсқаушысы. Барлық жер шарындағы оқытушыларды оқытады. «Six Things» www.sixthings.net - атақты блогының авторы. Мистер Клэндфилд семинарға қатысушылар алдында ағылшын тіліне оқытудың жаңа интерактивтік әдісін - e-workbook әдісін көрсетті, ол оқытудың жаңа әдістерінің ішінде сыйлы орынға ие.

Семинар аяқталғаннан кейін Алматы қаласының 8 ЖОО-дан 150 оқытушы ҚазҰУ, Британдық Кеңес,МакМиллан баспасы атынан естелік сыйлықтар және сертификаттар алды. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың еңбек ардагерлеріне естелік сыйлықтар берілді.

Жұмыстағы жаңа методика және ұжымдағы қызметкерлермен өзара байланыс - Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық байланыстар орталығында көрнекі орын алды. Семинарға қатысқандар ҚазҰУ-дан жарқын көңілмен қайтты - олар жаңалық көрді, ұжымда болды, Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы «Халықаралық ынтымақтастықтағы ҚазҰУ-дың жетістіктері» атты көрмені тамашалады.