«БелМУ» ҒЗИ-да халықаралық интеграциялық «Шекара маңы – 2018» форумы өтті
4-5 желтоқсанда «БелМУ» ҒЗИ-да халықаралық интеграциялық Форум өтті
«Шекара маңы – 2018» форумына Беларусь республикасының, Молдова, Қытай, Финляндия, Қазақстан, Сербия, Украина, Қырғызстан, Болгария, Эквадор, Армения және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан қоғамдық және халықаралық ұйымдардың басшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Форум Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті мен шекара маңы одақтастығы институтының, ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық одақтастығының Мемлекетаралық қоры мен, Горчаков А.М. атындағы қоғамдық дипломатия және президенттік гранттар Қорларының қолдауымен өткізілді.
Құттықтау сөзімен «БелМУ» ҒЗИ стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша проректор м.а. Андрей Пересыпкин қатысушыларды қарсы алды. Андрей Петрович қатысушыларға Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің даму тарихын мәлімдеп, өзекті ғылыми бағыттарды атады.
Сонымен қатар, Молдова республикасының «Гагаузия» АТО, Комрат қаласының примары Сергей Анастасов, Белгород облыстық Думасының экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша комитет төрағасы Иван Конев, «БелМУ» ҒЗИ экономика және басқару институтының директоры Виктор Захаров қатысушыларды құттықтады.
Пленарлық мәжіліс модераторы «БелМУ» ҒЗИ әлеуметтік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Виктор Спарыка және өзге сарапшылар шекара маңы аймақтарында қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыптастыру мәселелерін талқылады. «Сонар 2050» ақпарттық жобасының экономикалық шолушысы Алексей Авдонин ЕАЭО елдері үшін сыртқы ақпараттық қауіптер туралы айтып, әлемдік медиялық кеңістікте қоланылатын талдау әдістерін, нысандары мен тәсілдерін келтірді.
Ереван мемлекеттік университетінің саяси ғылымдар теориясы мен тарихы кафдерасының доценті Хачик Галстян өзінің баяндамасында Таулы-Карабахтың Армения және Азербайджанмен өзара жанжалдасуының себептері мен ерекшеліктерін талдап, қарама қайшылықтарды шешудегі РФ рөлін атап өтті. Балқан европалық шекара маңы аймақтарының қоғамдастығы бойынша координатор Ана Николова халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығындағы жастар мен жастар ұйымдарының рөліне назар аударуға шақырды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ақнұр Жидебекқызы Ресей және Қазақстан жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлықтың өсу тенденденцияларын және жалпы ЕАЭО елдеріндегі ғылыми-білім беру ынтымақтастығы жөнінде айтты.
Гомель қалалық депутаттар Кеңесінің депутаты Юлия Волкова Ресей Федерациясы мен Беларусь республикасы арасындағы муниципал аралық ынтымақтастықтың ең өзекті экономикалық және әлеуметтік бағыттарын атады. Белгород мысалында шекара маңы аймағындағы қалалардың даму ерекшеліктері туралы ақпаратпен форум қатысушыларын муниципалды даму және әлеуметтік технологиялар Институтының директоры Борис Заливанский таныстырды.
Пленарлық мәжіліс барысында бітімгершілік бастамалары және конфликтология Ғылыми-зерттеу институтының директоры Денис Денисов, А.А. Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университеті саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Светлана Лихачева, РҒА әлеуметтік-саяси зерттеулер Институтының аға ғылыми қызметкері Максим Фомин, Белорусия ҰҒА философия институтының ғылыми қызметкері Алексей Дермонт, «Интеграциялық бастамалар Агенттігі» Қауымдастығының халықаралық қызмет және шекара маңы аймағындағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы Людмила Шевень, интеграция бағыттарын зерттеу орталығының бас редакторы Дарья Хаспекова өз баяндамаларын жасады. Пленарлық мәжіліс барысында «Шекара маңында өзара ынтымақтастықтың халықаралық тәжірибесі» видеоконференциясы өтті, онда Белорусь мемлекеттік технологиялық университетінің бизнес технологиялары және тұрақты даму менеджменті кафедрасының меңгерушісі Ирина Новикова және Шекара маңы аймақтарының европалық Қауымдастығының сыртқы шекара бойынша Мақсатты топтың төрағасы Йоханнес Мойзио баяндама жасады.
Баяндамалардан – пікір таласқа
«Шекара маңы – 2018» халықаралық интеграциялық Форум аясында мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша дәрістер мен пікір таластар өткізілді.
«Даму» Корпорациясы» АҚ-ында ұйымдастырылған «Шекара маңы аймақатарының әлеуметтік-экономикалық дамуы» форсайт-сессиясында форумға қатысушылар Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарының әртүрлі бағыттардағы: сандық экономика, ақпараттық қоғам, ғылыми-білім берудегі серпіліс, үшінші сектор даму стратегиясының «жол картасын» жасады.
Форумдағы шаралардың бірі ретінде белорусиялық ғалымдардың «Ресей және Белорус Одақтас мемлекеттерде біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» тақырыбында бинарлық дәрісі және төрт пікір талас алаңы өткізілді. Екі топ пікір таласты «БелМУ» ҒЗИ-да өткізді. Бірінші топ жария дипломатия және қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттесуі, оның ішінде дипломатиялық қатынастарға жастарды қатыстыру тақырыбын, ал екінші топ шекара маңы аймақтарындағы ынтымақтастықтың әлеуметтік аспектілерін талқылады. Үшінші алаңда - «Даму» Корпорациясы» АҚ-да» – сарапшылар мен студенттер шекара маңы аймақтарындағы инвестициялық жағдайдың даму жобаларын жасады. Төртінші пікір талас алаңы Белгород қаласының Грайворон ауданында өтті. Онда муниципалитет аралық ынтымақтастық тәжірибесі және Ресей мен Молдова муниципалитеттерінің әртүрлі салаларда дамуына қатысты жұмыстар көрсетілді. Пікір таласқа қатысушылар шекара маңы аймақтарындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын және аймақтардың өзара әрекеттесуінің негізгі мәселелерін талқылады.