- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2010 жылдың 20-22 қазанында «Қазақстандағы Германия жылы – 2010» шеңберінде «ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ» атты Ортаазиялық конгресс өтеді
2010 жылдың 20-22 қазанында «Қазақстандағы Германия жылы – 2010» шеңберінде «ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ» атты Ортаазиялық конгресс өтеді
Кең көлемдегі және көп жоспарлы іс-шара — халықаралық білім беру конгресі алғаш рет Орталық Азияда өткізілмекші және бұл Орталық Азия мен Еуропа мемлекеттерінің білім беру жүйелері үдерісі мен білім беру бағдарламаларының жаһандану жағдайына бейімделуге бағытталған.
Білім беру конгресі Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2007 жылы қабылданған маңызды бағыттарының бірін, яғни, білім беру саласын жүзеге асырады.
Білім беру конгресі Қазақстан Республикасының 2008 жылы қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы міндеттеріне сәйкес өтеді.
Білім беру конгресі білім беру жүйесінің дамуындағы ОА әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетеді, демек Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Бағдарламасында белгіленгендей адами капиталдың мүмкіндіктерін айқындайды. Білім беру конгресі ЕҚЫҰ-ның «үшінші қоржыны» міндеті мен ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдерін жүзеге асырады.
Білім беру конгресі барысында Орталық Азия, Еуропадан келген ғалымдар мен сарапшылар жоғарғы және орта білім беру жүйесінің түрлі аспектілерін қарастырады. Олар өз мемлекеттерінде соңғы 20 жыл ішінде жүргізілген білім беру реформалары нәтижелері мен уақыт қойып отырған қазіргі талаптарды талқылайды.
Конгресте Орталық Азия мен Еуропада Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру жобалары, ЕО-тың Орталық Азия үшін жаңа білім беру Стратегиясы көрсетіледі. Неміс тілін оқыту мысалы негізінде шет тілдерді дамытуға ерекше назар аударылады және СІМ мәселелері, халықаралық журналистика, жалпы тарих салаларында мамандар дайындау мәселелері қозғалады. Конгресте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына ұштастырған Қазақстандағы «аймақтану» және «халықаралық қатынастар» мамандықтарын дамыту құрылымы мен қалыптасу тәжірибесі талқыланбақшы.
Конгресс шеңберінде 2010 жылдың 20 қазанында Қазақстанның неміс тілі мұғалімдерінің 12-і ұлттық съезі өтпек.
Конгресс мәдени бағдарламамен жалғасады: қазақстандық «Тұран» музыкалық ансамблінің концерті болады. Конгреске қатысушылар алдында Адельберт фон Шамиссо германдық сыйлығының (жыл сайынғы Шамиссо сыйлығы 1985 жылдан бастап неміс тілінде жазатын шет ел әдебиетшілеріне беріледі) 2009 жылғы иегері Цвета Софрониева өзінің шығармашылығын оқиды.
Конгрестің Ұйымдастырушылары мен бастамашылары: Гете атындағы институт (Қазақстан), Гете атындағы институт (Өзбекстан) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Ортаазиялық білім беру конгресі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде өтеді.
«Даму барысындағы білім» атты конгрестің идеясы мен концепциясы Германия білім Министрлігі және ҚР-дың білім және ғылым Министрлігінің, ГФР мен ҚР сыртқы істер Министрліктерінің қолдауына ие болды.
Конгресстің мақсаты:
- · Орталық Азия, ЕО, Швейцария, Германиядан келетін сарапшылар мен педогогтармен, ғалымдармен жоғарғы және орта білім саласындағы мәселелі сұрақтарды талқылау;
- · Қазақстан, ОА, Қиыр Шығыстағы білім беру мекемелері, ЖОО жетістіктері мен тәжірибелер алмасу;
- · ОА және ГФР сарапшыларының қатысуымен білім беру Стратегиясын жасап шығару және білім беру жүйесі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылау;
Қатысушылар (200 адамнан астам): ғалымдар, оқытушылар, жоғарғы және орта мектеп мамандары, білім беру саласындағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Белорусь, Ресей, Германия, Швейцария, ЕО және басқа мемлекеттердің сарапшылары.
Конгресс жұмысы алты секцияда өтеді:
№ 1 «Даму барысындағы білім»
№ 2 « Мектептердегі даму үдерісі»
№ 3 «Университеттердегі даму үдерісі»
№ 4 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 15-жылдығына арналған «Сыртқы әлем және білім беру интеграциясы»
№ 5 «Өмір ағымындағы оқу»
№ 6 « ЕҚ – Орталық Азиядағы жобалар»
Өткізілу орны: халықаралық қатынастар факультеті (НАТО Орталығы; Американдық Ресурс орталығы; Европалық ақпарат орталығы; 508 ауд.; компьютерлік залдар; оқу залы /пресса/); химия факультеті (пленарлы отырыстар «Малахит залы») және журналистика факультеті.
Кең көлемдегі ақпарат алу үшін :
Ақпарат: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті:
Тел.: 007/727/3922262 /-65/; /59/ (ішкі. 13-33, 13-34; 13-36)
Сұрақтар бойынша::
проф. Губайдуллина Мара Шаукатовқызы (ХҚФ): 13-34; 13-36
доц. Алипбаев Амангелді Рахметолдаұлы (ХҚФ): 13-36
т.ғ.к.. Нурдавлетова Сания Морякқызы (ХҚФ): 13-36
Ақпарат: Гёте атындағы институт (Алматы)
Goethe-Institut Almaty
Dshandosowa 2
050040 Almaty, Kasachstan
Тел.: 007/727/3922259 / -63 / -65/;
Fax +7-727-39222 72
Сұрақтар бойынша:
Сюзанне Беккер, Тіл бөлімінің бастығы
susanne.becker@almaty.goethe.org
Aнне Мельник, Педагогтық ынтымақтастық бөлімінің референті
Ақпарат:
Гете атындағы институт сайтынан өзекті бағдарламамен таныса аласыздар: