"Заң" республикалық күнделікті газет

11 желтоқсан, 2010

Ұлтын сүйген заңгер

Асан қайғы бабамыз: «Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұқ пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойынан табылғандай

тау екен. Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен», – деп баталы сөз айтқан бағзы заманда. Қасиетті Қазығұрттың тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне қарап, дуалы ауыз батагөй бабаның осы айтқандарының айна-қатесіз екеніне көз жеткіземіз. Міне, біз бүгін осы өңірде дүниеге келіп, заң саласында көптен бері ерен еңбек етіп келе жатқан азамат, еліміздің мәдениеті мен өнерінің, әдебиеті мен тілінің, ұлт руханиятының жанашыры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, құрметті судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор, «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жырау» атындағы қоғамдық-қайырымды­лық қоры­-
ның төрағасы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері – Бекет Тұрғараұлы Тұрғараев жайында сөз қозғамақпыз.

1992 жылдың қаңтарында Бекет Тұрғараев Оңтүстік Қа­зақстан облыстық сотының төра­ғасы болып тағайын­далы­сы­мен, Оңтүстік Қазақстан облыс­тық соты республика бойын­ша ауыз толтырып айтар­лық­тай үл­кен жетістіктерге қол жет­кізді. Бекең сот саласын түгел компью­терлендіріп, озық тех­но­ло­гия­лық құралдармен жаб­дық­тады. Осындай үлкен өзгеріс­тер мен өзге де жұмысқа деген талапты күшейтіп, оң нәти­же­лерге бет бұру­ға көп сеп­тігін тигізгені анық.
Сөйтіп, осындай іс-әрекет­тері­нің арқасында 1994 жылдың 15 желтоқсанында Бекең басқарған Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Әділет министрлігінің ар­найы қаулысымен республи­ка бойынша базалық сот деп жария­ланды.
Айта берсек, Б.Тұрғараев ат­қарған үлгі боларлық істердің тізімі біршама. Соның бірі – респуб­лика көлемінде сот жүйе­сінде алғашқы құқықтық «Заң жане заман» атты газетті Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстық сотының жа­ны­нан шығаруы. Бұл басылым ар­қылы жалпы азаматтарға заң сала­сындағы реформалар мен өзгерістер, сот билігі, сот төре­лігі, адам құқын қорғау, заң­ның бұзылу проблемаларына қатысты көп­теген мәліметтер алуға мүм­кіндік туды.
Бекең ұзақ жылдардан бері Елбасы артқан үміт жүгін абырой­мен ақтап, халықтың көңілінен шығып келеді. Сонымен қатар, тек қызмет аясында ғана емес, заң ғылымының дамуына да өзіндік үлес қосып жүрген білікті заңгер десек, артық айтқандық болмас.
Бұл азамат республика Бас Про­куратурасында басқарма бас­­тығы қызметінде болды. Кейін­нен Әділет министрлігінің сот­тар қызметін ұйымдастыру депар­таментінің бастығы қызмет­терін де атқарды. 1999 жылдың 16 қарашасында Президент Жарлы­ғымен Сол­түстік Қазақстан облыс­тық сотының төрағасы бол­ып тағайын­далды. Ерен еңбе­гінің ар­қасында елдің ерекше құрме­тіне бөленген Бекеңе 2007 жылы облыстық маслихаттың шеші­мімен «Солтүстік Қазақстан об­лы­сы­ның құрметті азаматы» деген атақ берілді. Жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы аз өлкеде төл мәдениетіміз бен өнері­міздің дамуына жанашырлық таны­тып, мемлекеттік тіліміздің өз дәрежесінде қолданылуына да ұйыт­қы бола білді. Облыстық сот ұжы­мында өзге ұлт өкілдерімен қоса өз қандастарымыздың да мемлекеттік тілді меңгеруіне жағ­дай жасап, қазақ тілін үйрету сабағын тұрақты түрде жүргізу­ді ұйымдастырды. Бұл үрдіс облыстың барлық соттарын қам­тыды. Ол – туған тілдің үлкен жанашыры, тіл мәселесіне байла­нысты орталық газет беттерінде жанайқайын білдіріп, бірнеше мақалалар жазды.
Бекет – сот саласының білімді де білікті сардарларының бірі, әділдіктің ақ туын көтерген адал қызметінің арқасында абырой арқалап келе жатқан жан. Сот саласын реформалауға қатысты айтқан талай пікірлерін тұщына оқып, сүйсіне тыңдағаным бар. «Біз мемлекет тарапынан сот­тар ісін жақсартуға ұдайы жағдай жасалынып отырғанын ашық ай­туымыз керек. Соның арқа­сын­да бүгінгі таңда тәуелсіз сот билі­гі қалыптасқандығы баршаға аян. Біздің ендігі мақсатымыз халық сенімінің биігінен көрі­- н­етін қуатты сот билігі – қоғам­дағы әлеуметтік теңдік пен тұрақ­тылықтың кепілі екенін, біз, судьялар, бір сәт те естен шығар­мауымыз керек», – деген кесімді пікірі талайға ой салары анық. Бұл – білікті заңгердің азаматтық берік қағидасы.
Сонымен бірге, Бекет Тұрғара­ев судьялардың IV съезін­де: «Су­дья­лардың зейнет­ке шығу жа­сын 68-70 жасқа ұзар­тып, ал, судьялыққа тек 30 жас­тан ас­қан азаматтарды ғана тағайын­дау қажет», – деген ұсы­ныс айт­қан болатын. 2007 жылы ал­қа­билердің қатысуымен алғаш­қы істе осы Бекең басқарған Сол­түстік Қазақстан облыстық сотын­да қаралды.
Алқабилер сотының халық­тың сот билігіне деген сенімін арттыра түсетінін айтып: «Сот билігіне халықтық элементті ен­гізу – еліміздегі сот билігінің демо­кратиялық ұстанымдағы жал­пыға ортақ стандартқа сай жасаған оң қадамы», – дейді білікті маман. Бекең – халықтың сауабына, ел игі­лігіне шешілер ұсыныстарын әрқашан ашық айтып, олардың жүзеге асуына бар күшін салған абзал азамат.
Ұлтын сүйген заңгердің тағы бір қасиеті – қашанда қайы­рым­дылық жасау, көмекке мұқ­таж жандарға демеу болу. Ол талай азаматтардың, талант­ты жастардың жұмысқа орнала­суы­на, жоғары білім алуы­на, қыз­мет сатысында өсуіне қамқор­лық жасай білді. Қазір­гі уақытта өзі тәрбиелеген шәкірт­тері рес­пуб­лика көлемінде жау­ап­ты қызметтер атқаруда, ол ұла­ғат­ты ұстаз ретінде биікке ұмтыл­ған жас талапқа қамқор­лық жасау­дан ешқашан бас тартқан емес.
Майдангер жазушы Ә.Нұрша­йықовтың он томдығын, көрнек­ті ақын К.Салықовтың өлең­дер жинағын, М.Жұмабаев шығар­малары мен жергілікті жазушы Қ.Омаровтың Қожа­берген жырау туралы кітабының, Қ.Тұрсын­құловтың «Қазығұрт» атты еңбе­гінің жарық көруіне демеу­шілік жасап, облыс кітапха­наларына кеңінен таралуына тікелей ықпал етті.
Мұның бәрін тізбелеп отыруы­мыздың мәнісі бар. Бекең хал­қы­мыз­дың рухани қазына­сын түгендеп жүрген айтулы аза­мат­­тардың құнды дүниесіне демеу­шілік жасау арқылы бола­шақ­қа, келер ұрпақ­қа қызмет жасап келеді. «Мәдени Мұра» бағ­дар­ламасын жүзе­ге асыруға айтарлықтай үлес қосты.
Ол кісінің басшылығымен Сол­түстік Қазақстан облысында осы бағдарлама аясында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылды. Өткеннің мол мұрасын тарих қойнауынан аршып алып, халық кәдесіне жарату бүгінгі ұрпақ көкірегінде отаншыл, патриоттық сезім оятары анық.
Ол әйгілі Шал ақынға аудан ор­талығында ескерткіш орна­тылуына үлкен үлес қосты.
Қазақтың атақты батыры, ақы­ны Қожаберген жыраудың кесе­несін көтерумен бірге көтер­тіп, оның Петропавл қаласынан орын тебуіне мұрындық бол­ды. Ұрпаққа үлгі бұл өнеге оның жар­қын істерінің айғағындай болып мәңгі жаңғырып тұра берері хақ.
Сонау Ресей мемлекетімен шектесетін Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты сұлу, тари­хы тұнған шежіре десек болады. Бұл өлкеде ел айбыны, халық қорғаны болған айтулы батыр­лар мен бағландар, от ауыз­ды, орақ тілді билер мен небір сұңғыла өнерпаздар өмір сүрген. Бүгінгі ұрпақ солардың атын ғана естігені болмаса, олардың шығармашылығы­нан бейхабар. Ауыз әдебиетінің ал­ып өкілдері, аруақты бабалар­дың өлең-жыр, терме, өсиет сөз, нақыл­дарын жатқа айтып жүретін Бекетті «осы баға жеткісіз бай мұра­лардың басын қосып, жинақ­тап, ел кәдесіне жаратсам» деген ой да жиі мазалайды.
Бекең облыстық және мектеп­тің кітапхана қорларының есе­леніп, толығып отыруына қам­қор­лық жасап, З.Қабдоловтың, Қ.Мырзалиев, С.Жүнісов, Д.Иса­беков, т.б. танымал ақын-жа­зушылар кітап­та­рының бір­неше данасын сыйға таратты. Атақты Тоқсан би баба бейітіне тұрғызылған көрікті күмбез де Б.Тұрғараұлының есімі­мен ты­ғыз байланысты екені­нен ха­бардармыз. Сондай-ақ, Запад­ное селосын Тоқсан би атымен атауға, оған Петропавл қала­сында көше берілуіне күш салды. Кейіннен «Тоқсан би» қоры құрылып, облыс басшылығының қол­дауымен баба бейітіне көз тартарлық күмбез тұрғыздырды.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақ­станда биылғы жылдың 2- 4 мау­сы­мында «Өлке тарихы – тұлға­лар тарихы» атты республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конферен­цияның өтуіне ұйытқы болды. Аталған жиынға академик С.Зи­манов, М.Қойгелді және Тарих институтының директоры Б.Аяған бастаған 20-дан астам атақты ғалымдар қатынасты.
Ал, жақында, 30 қыркүйек күні, Шымкент қаласында аймақ­аралық Оңтүстік және Сол­түс­тік Қазақстан облысының ұйым­дастыруымен, Оңтүстік Қа­зақ­стан облысының әкімі А.Мыр­захметовтің қатысуымен Ел иесі, Жер киесі Пір Бекеттің ту­ғанына 260 жыл толуына бай­ла­нысты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конфе­ренцияға еліміздің белгілі тарих­шылары және әдебиет-өнер саласының өкілдері – С.Қирабаев, А.Әшімов, Ө.Озғанбай және т.б. қатынасты. Міне, бұл іс-шара­ның да тікелей ұйымдастырушы­cы – Бекет Тұрғараұлы.
Бекет Тұрғараұлының «Мәде­ни мұра» бағдарламасын іске асыруда сіңірген еңбегі, еліміздің мәдени саласына қосқан сүбелі үлесі мемлекет тарапынан жоға­ры бағаланып, Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың Жарлығымен «Пара­­сат» орденімен марапат­тал­ды. Ол бірнеше моногра­фия­лық еңбектердің авторы, заң ғылым­дарының докторы. Док­торлық диссертация қорғау кеңе­сінің, бірнеше халықаралық ғылы­ми журналдардың редак­циялық ал­қаларының мүшесі. Тәжіри­беде жүріп, теория­дан да қалам тер­беу – екінің-бірінің қолы­нан келе бермейтін іс.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме халық, көз көріп жүрген Бекеңдей жо­март жанды азаматтардың тын­дыр­ып жүрген істеріне қарап, іш­тей сүйсінесің. Тілін, ділін, әде­бие­тін, мәдениетін сүйіп, ұлт руха­ния­тының жанашыры болған, отан­шылдық көзқарасы биік, елін, жерін сүйетін осындай қазақтың абзал да ардақты азаматтары көп болғай деп тілейсің.

Есберген Алауханов,
заң ғылымдарының докторы, профессор,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының
меңгерушісі, жазушы, «Қазақстанның
ғылымы мен өмірі» журналының бас редакторы