Жуырда Қазақстандық физикалық қоғам елімізді беделді Азия-Тынық мұхиты физикалық қоғамдар қауымдастығына (AAPPS) таныстыра отырып оның мүшесі болды. Қауымдастыққа (Жапония, Қытай, Корея, Үндістан, Австралия және т.б.) аймақтардың ең дамыған 18 елі кіреді.
Азия-Тынық мұхиты физикалық қоғамдар қауымдастығы (Association of Asia Pacific Physical Societies (AAPPS)) 1989 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, қауымдастықтың бірінші президенті Ч. Янгтің ұйымдастыруымен құрылған. Штаб-пәтері Оңтүстік Кореяда, Поханг қаласында орналасқан. AAPPS негізгі мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы физика саласындағы білімді зерттеу, қолдану мен оқыту сияқты құралдардың көмегімен, әсіресе осы аймақтағы халықаралық ынтымақтастық арқылы дамыту. AAPPS конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады, арнайы бөлімдер мен кіші комитеттерге ие, сондай-ақ ақпараттық бюллетеньдер мен журналдарды жариялайды.
«Қазақстандық физикалық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігі ерікті мүшелік негізінде әрекет ететін физикалық ғылыммен кәсіби айналысатын қазақстандық физиктердің бірлестігі болып табылады.
Қазақстандық физикалық қоғам өз қызметін ҚР физикалық қоғам қауымдастығының қызметін үйлестіру үшін өз мүшелерінің мүддесінде жүзеге асырады. Қоғам 2017 жылы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында Назарбаев университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚБТУ, Ұлттық ядролық орталығы, Ядролық физика институты, Фесенков атындағы Астрофизикалық институт және жергілікті университеттер негізіндегі аймақтық өкілдіктердің қолдауымен құрылған. Қоғам президенті-ҚР ҰҒА академигі, профессор, «ҚР Ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері», әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Қожамқұлов болып табылады.
Қауымдастыққа қатысу біздің ғалымдарға Азия-Тынық мұхиты аймағының қорлары мен зерттеу мекемелеріне қолдау көрсетуге, жас ғалымдарды даярлаудың бірлескен бағдарламаларына қатысуға және ғылыми зерттеулердің деңгейін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.