Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) рөлі

15 қаңтар, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУда «ҚР азаматтық қоғамының қалыптасуындағы ҮЕҰ рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарада студенттер Алматы қаласының жетекші үкіметтік емес ұйымдарының қызметімен және тәжірибелерімен танысты.

Дөңгелек үстелді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және Саясаттану факультетінің деканатының қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Мұрагер» Түлектер қауымдастығы ҚБ ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел Алматы қаласы Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері, университет оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара білім алушы жастарды Алматы қаласының жетекші ҮЕҰ-ның жұмысымен, тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Дөңгелек үстел қонақтары: «Экономикалық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күресте құқық қорғау органдарына қолдау көрсету және жәрдемдесу қоғамы» ҚБ, «Парасат-Инфо» ҚҚ, «Nurly baqdar» ҚҚ, «Казак, орыс және славян ұйымдарының» Үйлестіру Кеңесі, сондай-ақ «Atajurt eriktileri» OO өкілдерінің қатысуымен өтті.

Ұйымдастырушы, ҚазҰУ-дың «Мұрагер» Түлектер қауымдастығының өкілі Үсенов Ғ. А. 2020 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті үшін Ортағасырлық Шығыс философиясының көрнекті ойшылы, Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанған Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы болатынын атап өтті: «Ұлы философтың еңбектері бүгін де өзекті болып қала береді, – деді спикер, – Ойшыл отандасымыздың «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында баяндалған әлеуметтік-этикалық көзқарастары аса құнды. Ал «Мұрагер» Түлектер қауымдастығының миссиясы - әл-Фарабидің идеяларын өз қаламызда насихаттау және жүзеге асыру болып табылады».

Кездесуде түрлі ҮЕҰ өкілдері еліміздегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау мақсатындағы жобаларын жүзеге асырудың тәжірибелерімен бөлісті. «Парасат-Инфо» ҚҚ құрылтайшыларының бірі болып табылатын профессор Ш. М. Надыров жиналғандарды қаламыздың кеңістіктік-экологиялық мәселелері мен Смарт-Қаланы құру келешегі туралы хабардар етті.

Құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы профессор Р. А. Подопригора тұрғындардың білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғауға байланысты мәселелермен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар «Экономикалық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы күресте құқық қорғау органдарына қолдау көрсету және көмек көрсету қоғамы» тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарын жұмысқа орналастыру, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үлкен жұмыс жүргізетіндігін, біздің қаламыздың абаттандырумен байланысты мәселелер шешілетіндігі туралы білді.

Пікір алмасу әрі қарай ҚазҰУ студенттерінің қатысуымен қызу дисскусияға ауысты. ҮЕҰ өкілдері бүгінгі өскелең ұрпақты толғандыратын мәселелерді талқылады. Үш сағатқа созылған мазмұнды іс-шараның соңында Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тілектер айтылып, Алматы қаласының Үкіметтік емес ұйымдарының жұмысы бойынша ұсыныстар түйінделді.

www.kaznu.kz