Халықаралық журналистика апталығы өтуде

5 наурыз, 2020

ҚазҰУ-да халықаралық балалар теледидары мен радио хабарларын тарату күніне арналған «Халықаралық журналистика апталығы» өтуде.

Бүкіл әлем 1 наурыздан бастап телеарналар балалар контенті бойынша хабар тарату торын қайта құруда және кішкентай көрермендер мен жастарға арнайы бағдарламалар арнауда. Қоғам назарын балалар мен жастардың құқықтарын қорғауға, жасөспірім аудиториясының білімі мен құзыреттілігін арттыруға арналып отыр. Осы ретте қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарға қызмет етуді үйренуде БАҚ-тың тизізер көмегі көп.

Апталық аясында шетелдік және отандық БАҚ-тың танымал журналистері, дикторлары мен фототілшілері ҚазҰУ студенттеріне иммерсивті журналистика, БАҚ-қа арнап материал дайындаудың халықаралық стандарттары, цифрлық медиа бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, «Үздік халықаралық репортаж» конкурсы және «Біз әлемді осылай көреміз» студенттер көрмесі өтуде. Осы шараның өтуіне мұрындық болып жүрген ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы көптеген халықаралық ұйымдармен, журналистерге және медиа-педагогтарға арналған тренингтік орталықтармен белсенді байланыс жасап, кәсіби білім беру сапасын жақсарту, гендерлік теңдік, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның бірқатар жобаларын табысты жүзеге асыруда.

2020 жылғы 31 қаңтарда ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Нұр-Сұлтандағы ҚР Ұлттық комиссиясының мәжілісінде Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық Комиссияның Төрайымы Ақтоты Райымқұлова (http://mfa.gov.kz/ru/content-view/-2875) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО кафедрасының қызметін жоғары бағалады. Министр «ЮНЕСКО-ның коммуникация және ақпарат саласындағы жұмысында қарулы қақтығыс аймақтарында журналистерді қорғауға, «жалған жаңалықтарға» қарсы тұруға, БАҚ-ты қарқынды дамытуға, кәсіби білім сапасын арттыруға және осы саладағы этикалық мінез-құлыққа қатысты ұсыныстар әзірлеуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен болатын.

www.kaznu.kz