Сүбелі сұқбаттар сыры

10 ақпан, 2021

     Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы студенттері мен магистранттарының қолдауымен университет жаңалықтарын таратумен щұғылданатын студенттік радионың жұмысы күннен күнге жанданыи отыр. Жас журналистер әр түрлі жанрларда жазуды меңгеріп, сүбелі сұқбаттарды еңсеруде. Мысалы, 3-курс студенті Жансая Жөкен Қазақстанның Еңбек Ері, №159 гимназияның директоры Аягүл Миразовамен сұқбаттасып, радио контентіне салмақты, салиқалы дүние қосты. Шәкірттің кейіпкеріне сұрақ қойысы, емін-еркін әңгімелесе алу деңгейі әжептәуір қалыптасып қалған.

       Сонымен қатар, бірінші курс магистранты Байжөкенов Сымбат

кинотанушы, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесi, Қазақстан Республикасының «Құрмет» және Француз Республикасының «Әдебиет және өнер» ордендерінiң кавалері, Платиналы «Тарлан» Тәуелсiз сыйлығының лауреаты Дәрежан Өмірбаевтың жаңа фильмі «Ақынның» түсірілуіне орай режиссермен сұқбаттасқан. Сұқбатты YouTube арнасынан көруге болады.

       Бірінші курс магистранты Аружан Қаратаеваның Зейнеп Ахметовамен сұқбаты да шәкірттің шеберлік сырын меңгеріп қалғанын ,өзіндік жазу стилі қалыптасқанын байқататын дүние болып щыққан.

           Магистрант Қожамжарова Самал- «Балауса жырларым» (2013), «Жүрегімнің тұнығында» (2015)атты жыр жинақтарының авторы, Алматыдағы ҚХР елшілігі ұйымдастырған студенттер мен магистранттар арасында өткен «Жібек жолы – жастар арманы» атты эссе байқауында І дәрежелі дипломға ие болған. Ол IV Қожакеев оқуында «Ең үздік сатира» номинациясы бойынша ІІІ орын алған. Ол -ақындық жолын ғылыммен ұштастырып жүрген жас ақын.

Қас қағымда бәрі де, қас қағымда,

Өтіп барады дүние жас шағымда.

Алауыртқан көңілім алабұртып,

Шұғыласын ай мен күннің қосқанымда.

 

 

Қас қағымда бәрі де, қас қағымда,

Маза бермес түрлі ой жатқанымда.

Алаңдаулы көңілім аласұрып,

Басқа қадам, басқа адым басқанымда.

 

Қас қағымда бәрі де, қас қағымда,

Күннің нұры шұғыласын шашқаны да.

Өмір өтер, бәрі де кеш болады,

Сен жер жастанып жатқаныңда,- деп жырлайды жас ақын өзінің   «Қас қағымда...» деген өлеңінде.

          Мұндай сүбелі сұқбаттардың, шырайлы шығармашылықтың сыры - факультеттегі оқу-тәжірибелік зертханаларда, арнайы студияларда өтілетін тәжірибелік дәрістерге байланысты   екенін мақтанышпен айтуға болады. Теориялық бідімдерін тәжірибемен ұштастырудың нәтижелері осылай өз жемісін беруде.

                                                                           Клара Қабылғазина