
Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы дәстүрлі түрде әр апта сайын "Поэзия сағатын" өткізеді. Журналистика саласына Поэзияның қандай қатысы бар деген ой сізді мазалауы бек мүмкін. Алайда, болашақ журналистер үшін Поэзияның алар орны орасан зор. Себебі, білікті журналист жазу машығын қалыптастыру үшін, ойын жүйелі түрде жеткізе алу үшін, ойлау жүйесін неғұрлым кең арнаға бұру үшін, Поэзияның тілі өте қажет.
Сондықтан да, апта сайын өтетін аталмыш Поэзия сағатының маңызы зор. Әр апта сайын қазақтың марғасқа мен нарқасқа ақындарының өлеңдері оқылып, әр өлеңнің мән-мағынасын ашып, Поэзия тілімен суреттейтін ғажайып онлайн кештің куәсі болуға Сіздерді шақырамыз!
2021 жылдың 21 наурыз күні - қазақтың абыз ақыны, Феномен Фениксі, қазақтың Гомері, жыр саңлағы Жамбыл Жабаевтың өміріне, жырына арналады.
Материал авторы: ЕЛҒОНДИНОВА Аружан