- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан республикасының 30 жылдығына арналады «Диуани хикмет - қазақ халқының орта ғасырдағы тарихи- рухани ескерткіші» - атты республикалық онлайн студенттік оқырман конференция
Қазақстан республикасының 30 жылдығына арналады «Диуани хикмет - қазақ халқының орта ғасырдағы тарихи- рухани ескерткіші» - атты республикалық онлайн студенттік оқырман конференция

ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж. басшылығымен өткен республикалық конференцияда «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1-курс магистранты Қақан Ж. мен «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттері Қ.А Яссауидің өмірбаяны, шығармашылығы жайлы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Диуани хикмет еңбегінен үзінділер оқылды. ҚазҰУ-нің доктаранты Хумархан Ж. Диуани хикмет еңбегінің түрк елдеріндегі маңыздылығын ерекше атап өтіп, Яссауи бабамыздың сопылық ілімі түркі халқына қалай таралғаны және оның ізбасарлары басқа елдерге сопылық ілімін қалай дәріптегені жайлы сөз қозғады.
Республикалық онлайн студенттік оқырман конференциясына Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы, Л.Н Гумилев атындағы ЕНУ-нің 1 курс магистранты Қуатов А. және Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Кайрбеков Н.Е., Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасынан доцент м.а., PhD Дүйсенбаева А.Қ., 3 курс студенті Хибадат Ж., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD Камалова Ф.Б. өзінің студенттерімен және Қарағанды университетінің Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Тутинова Н. Е., заң ғылымдарынынң магистранты Тусупова Н. Қ.А Яссауи бабамыздың Диуани хикмет еңбегі асыл мұрамыз екенін және оны әрдайым ұлықтап отыруымыз қажет деген тың ойлар айтылды.
Басқа жаңалықтар

