Әлем халықтарының мәдениеті: Қытайда Жаңа жылды тойлау

2021 жылдың 19 наурызында «Айналанды нұрландыр!» орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Когай Э.Р. және бірінші оқу жылының магистранты Ли Нана «Әлем халықтарының мәдениеті: Қытайда Жаңа жылды тойлау» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Тәрбиелік іс-шара «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерінің қатысуымен MS Teams платформасында онлайн форматта өтті.
Магистрант Қытайдағы ең маңызды және ең ұзақ мереке – бүкіл әлемге дәстүрлі қытай жаңа жылы ретінде танымал көктем мерекесінің шығу тегі туралы айтты. Қытайда Жаңа жыл мерекесімен, ұлттық тағамдармен, қызыл символизммен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға ерекше назар аударылды. Студенттердің арасында зұлым рухтарды үркіту және отбасына бақыт пен тыныштық тарту үшін отшашулар ұйымдастыру дәстүрі туралы; көктем мерекесінің аяқталуын білдіретін қызыл шамдар мерекесі туралы әңгіме үлкен қызығушылық тудырды.
Магистрант өз әңгімесін слайд-презентациямен, бейне-эскиздермен, фотосуреттермен сүйемелдеді. Кураторлық сағаттың соңында студенттер Қытайда Жаңа жылды тойлау ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қойып, бір-бірін және оқытушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Басқа жаңалықтар


