«Қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсының» ашылу салтанаты өтті

1 сәуір, 2021

24 наурыз күні ҚХР Ланчжоу университетінің «Қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айжан Болатханқызы, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Асылбеков Р., қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Ф. және қытайтану кафедрасының оқытушылары, Қытай тарапынан Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Чи Гань, Ланчжоу университетінің халықаралық мәдени алмасу институтының директоры Чжан Вэнгань және Ланчжоу университетінің оқытушылары қатысты. Іс шара барысында ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айжан Болатханқызы және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф. Оразақынқызы, Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Чи Гань, Ланчжоу университетінің халықаралық мәдени алмасу институтының директоры Чжан Вэнгань сөз сөйлеп, жылы лебіздерімен бөлісті. Шетелдік қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы үш айға созылады. Курс барысында оқытушылар қытай тілі бойынша білімдерін шыңдап қана қоймай, «Бір белдеу бір жол» және жаңа заманғы Қытай, «Қытай мәдениеті мен өнері» тақырыптары бойынша дәрістер тыңдап, қытай тілін оқыту әдістерін меңгеретін болады.