
ҚР Десаулық сақтау министрлігінің 29 сәуірдегі мәліметі бойынша қазіргі таңда 42526 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Жалпы жұқтырғандар саны 316965-ке жетті. Коронавирустың белгілері қандай, одан қорғану жолы, вирусты жұқтырып алған жағдайда не істеу керек? – деген көпшілікті мазалаған осы сұрақтарға жауап дайындап, Ковид-19 алдын-алу шаралары бойынша әдістеме өңделіп, дәрігер-интерндер, дәрігерлер және медициналық персоналдар арасында іс-шара өткізілді.
|
![]() |
КОРОНАВИРУС (COVID-19) – жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) қоздырғышы, онда организмнің айқын интоксикациясы, тыныс алу және ас қорыту жүйелеріндегі проблемалар байқалады.
Қазіргі уақытта инфекцияның негізгі көзі - оның ішінде аурудың инкубациялық кезеңіндегі ауру адам, (яғни, елеулі көріністер мен шағымдарсыз).
Вирустың таралуының 3 жолы белгілі:
* ауа тамшылары (жөтел, түшкіру, сөйлесу кезінде);
* ауа-шаң;
* байланыс.
Аурудың белгілері (симптомдары):
- • дене температурасының жоғарылауы (>90%);
- • 80% жағдайда жөтел (құрғақ немесе аздаған қақырықпен);
- • ентігу (55%);
- • бұлшықет ауруы және шаршау (44%);
- • кеуде қуысының бітелу сезімі (>20%);
- • бас ауруы мүмкін (8%), қан қақыру (5%), іш өту (3%), жүрек айну, құсу, жүрек соғысы
Стоматологиялық клиникалар үшін күшейтілген инфекциялық эпидемиологиялық бақылау кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу шаралары жөніндегі қызмет жағдайы:
Әр пациентті қабылдағаннан кейінгі шаралар:
1. Әр науқастан кейін бірнеше рет қолданылатын жеке қорғаныс құралдарын ( көзілдірік және/немесе қорғаныс қалқандары ) тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз.
2. Персонализацияланбаған және бір реттік емес жабдықтар (ұштықтар, стоматологиялық, рентген жабдықтары, стоматологиялық креслолар және т.б.) өндірушінің нұсқауларына сәйкес, әр пациенттен кейін дезинфекциялануы керек. Ұштықтар әрбір пациенттен кейін термостерилизациялай отырып, тазартылуы тиіс.
3. Дезинфекциялаушы заттың жұмыс ерітіндісіне батыру арқылы бір рет қолданылатын жеке қорғаныс құралдарын зарарсыздандырыңыз және био қалдықтар ретінде тастаңыз.
4. Үй-жайларға қорытынды дезинфекция жүргізу, контаминацияланған ЖҚҚ, арнайы киімді кәдеге жарату, жеке санитарлық өңдеу жүргізу.
Жұмыс күнінен кейінгі дәрігерлер мен персоналдың іс-шаралары:
Медициналық персонал стоматологиялық қабылдау аяқталғаннан кейін жұмыс киімдерін жеке киімге ауыстыруы керек. Үйге келгеннен кейін дәрігер аяқ киімін шешіп, киімдерін басқа отбасы мүшелерінің киімдерінен бөлек жуып, дереу душ қабылдауы керек
Пациенттің денсаулық сақтау мекемесінде болған кезіндегі іс-шаралар:
1. Науқасты қабылдауға жазу кезінде тыныс алу ауруының белгілерін анықтау үшін мұқият сауалнама жүргізіңіз.
2. Пациенттер мен бірге жүретін адамдарды инфекциямен күресу құралдарымен (60-95% спирт негізіндегі құралдармен қолды өңдеу, медициналық маскалар, бахилалар, бас киімдер) қамтамасыз ету)
3. Әрбір пациентке және оған ілесіп жүретін адамға стоматологиялық көмек көрсету алдында температураны өлшеу жүргізу қажет.
Стоматологиялық пациенттің сауалнамасы (COVID-19):
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.03.2020 жылғы қаулысымен коронавирус инфекциясы (2019-nCoV) айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілгені ескертілді.
Жалған мәліметтер беру, қолданыстағы санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзудан, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындамаудан көрінетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу жауаптылыққа әкеп соғады. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында.
Дайындаған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖММ клиникалық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы Досбердиева Г.Т.
Басқа жаңалықтар

