- Главная
- Новости
- Студентка 2-курса по специальности «Экология» Муканова Бэлла заняла І место на Олимпиаде по Целям Устойчивого Развития на национальном уровне
Студентка 2-курса по специальности «Экология» Муканова Бэлла заняла І место на Олимпиаде по Целям Устойчивого Развития на национальном уровне
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Экология" мамандының 2-курс студенті Муканова Бэлла Алмасовна 2021 "Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттары" атты Ұлттық студенттік олимпиадада "Су ресурстарын біріктірілген басқару (ТДМ 6)" бөлімінде І орын алды. Олипиаданың ұйымдастырушылары "CAY4W" Орталық Азия жастар бірлестігі және Қазақстан-Неміс университеті болды.
Олимпиада онлайн-форматта өтті және 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең – 24 сұрақтан тұратын тестілеу; екінші кезең – қазылар алқасының мүшелерімен ауызша тестілеу (сұхбат).
Кезеңдер арасындағы үзілісте "Су күні" конференциясы өтті, онда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚНУ, ХАҚҚ GEF агенттігі, Рединг университеті, Назарбаев Университеті, ESERA, Young Leadership Program, CAY4Water спикерлері Су ресурстарын қорғауға байланысты өздерінің жобалары және оларға Орталық Азия елдерінен жастардың қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Екінші кезеңге өткен барлық қатысушылар үшін бонус 2021 жылғы 24 сәуірде өткен Есік көлі мен Алматы қорығына экскурсия болды. Сапар барысында қатысушыларды "CAY4W" Орталық Азия жастар бірлестігінің ұлттық үйлестірушісі Жания Хайбуллина және ҚНУ магистранттары алып жүрді. Жергілікті қорықшылар ерекше жұмысымен байланысты қызықты оқиғаларды айтып, Алматы қорығының, "Іле-Алатау" ұлттық паркінің және Есік көлінің ерекшеліктері туралы айтып берді.