«Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» атты халықаралық конференция

16 маусым, 2021

22 маусым 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орны мен рөлін ашып көрсету және оған қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастарды талқылау, сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің қайнар көзі мәселелерін зерттеу болып табылады.

Конференция жұмысы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихының аспектілерін, көшпелі қоғамның саяси және этномәдени институттарының негіздерін, Алтын Ордадағы этно-мәдени құндылықтардың ерекше белгілерін пәнаралық синтез негізінде қарастыруға арналған. Шара барысында археологиялық зерттеулер, соның ішінде Жошы Ұлысының, Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының рухани астанасы болған Сарайшық қаласына және қазіргі уақытта қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Сыр бойындағы ірі сауда және қолөнер орталығы болған Қышқалаға қатысты ашылған ғылыми жаңалықтар мен зерттеушілердің тың пікірлеріне баға беріледі. Сонымен қатар, Болған ана кесенесінен табылған киімдерді реставрациялау жұмыстары нәтижесінде алтынордалықтардың күнделікті өмірі мен тұрмысының аспектілеріне талдау жасалып, Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеудің қазіргі заманғы тенденциялары қарастырылады.

Конференция жұмысына белгілі отандық және шетелдік тарихшылар – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Е. Көмеков; Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Бүркіт Аяған; т.ғ.д., профессор Юлай Шамильоғлы (Назарбаев университеті); т.ғ.д., профессор М.Елеуов; т.ғ.д., профессор Т.Омарбеков; т.ғ.д., профессор Н.Кенжеахмет (Гарвард университеті, АҚШ); т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Б. Кәрібаев; т.ғ.к., тарихшы-реставратор, костюмер, Крупа Татьяна (Украина); PhD, Құбылай Атик (Невшехир Қажы Бекташ Вели университеті, Түркия); PhD Джихан Шимшек (Сегед университеті, Венгрия); т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы («Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры); т.ғ.д., профессор Мұқтар Қожа (А. Ясауи атындағы ХҚТУ) және т.б. ғалымдар қатысады.

Өтетін уақыты: 22 маусым 2021ж., сағ. 11.00.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 зал.

Тел.: 8727-377-33-30 (12-86). E-mail: madina.dosbergen@gmail.com

 

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/9273884317?pwd=V2EyZGdOd0hOa2VNMzdPMnJSUW02Zz09

Конференция идентификаторы: 927 388 4317

Қосылу коды: 096014 

 

 

 

 

 

БАРЛЫҚ БАҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.

 

 

 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!

 

Қосымша 1

Алматыда өтетін бірінші кезең материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2021 ЖЫЛДЫҢ 17 маусымына ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 7-10 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен электронды және қағазға шығарылған нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет. Мекен-жай: 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-87), 87078737923, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

 

Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference)  

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар: 

  • ·      шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  • ·  жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
  • ·  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
  • ·  Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

С.М.Сыздықова

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.,

Алматы қ., Қазақстан Ресупбликасы

***************************************************************************

 

  1. с.

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.

 

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

 

 

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ 

Тегі ______________________________________________________________ 

Аты_______________________________________________________________ 

Әкесінің аты (толық)____________________________________________________________ 

Ғылыми дәрежесі, лауазымы_________________________________________________________ 

Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)____________________

Мекен-жай ________________________________________________________
Байланыс телефон
дары______________________________________________

E-mail_____________________________________________________________

Секция____________________________________________________________ 

Баяндама тақырыбы  

__________________________________________________________________ 

 

Мен: 

¨     Секция отырысында баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;  

¨          Сырттай қатысамын.