Саяси қуғын - сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы

6 қазан, 2021

2021 жылдың 7 қыркүйегінде «Рухани Жағыру» Жобалық кеңсесі мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған семинарда ақпарат алмасу мәселелері, сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдар жинау тәжірибесі қарастырылды. 372 көтерілісті басу кезінде осы көтерілістерге қатысушылар сотсыз және тергеусіз атылды, сонымен қатар олар аталмыш көтерілістерге қатысқандары және қолдағандары үшін соттан тыс және сот органдарының қуғын-сүргініне ұшырады.


Мемлекеттік комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы No456 «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына сәйкес жүзеге асыруда. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен жұмыс жасайды.


Семинарда Алматы қаласы Мемлекеттік комиссиясының жұмыс тобының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық құқық және іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті Забих Шолпан Арапбайқызы «Кеңес өкіметіне қарсы Қазақстандағы көтерілістер: арнайы мұрағаттардың мүмкіндіктері» атты тақырып бойынша баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында 372 көтерілістің болғанын, оның 21-і ірі көтеріліс екенін атап өтті. Негізгі көтерілістерге Батпаққара көтерілісі, Адайлар көтерілісі (Маңғышлақ көтерілісі), Тахта-Кұпыр көтерілісі, Балкаш-Шоқпар көтерілісі, Қармақшы (Қарақұм немесе Қызыл-Орда) көтерілісі және т.б. жататынын айтып, тоқталып кетті. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік комиссиясының ғалымдары мұрағаттық құжаттарды, оның ішінде көтерілістердің әрбір қатысушысы бойынша тергеу істерін терең зерттеуде. Алайда мұрағаттық құжаттарды зерделеудің қиындығы - көтерілістің белгілі бір қатысушысы туралы ақпараттың нақты істе болмай, оның әр түрлі мұрағаттық материалдарда сақталғаны немесе мүлде жоқ екендігінде болып тұр.

Шолпан Арапбайқызы өз сөзінде 1930 жылдың көктемінде басталған Алматы округінің Қаратал ауданындағы (Алматы облысының аумағы) ұжымдастыру науқанының зорлықшыл саясатына қарсы бағытталған көтеріліске айрықша тоқталып өтті. Ол сонымен қатар семинар барысында мұрағаттық құжаттарды зерттеу кезінде қалалық комиссия анықтаған осы көтерілістің ақталмаған қатысушыларының жаңа есімдерін жариялады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы