- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жаңа оқу жылы қарсаңында бос лауазымдар орнына конкурс жарияланып, іріктеуден өткен үміткерлер анықталды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында бос лауазымдар орнына конкурс жарияланып, іріктеуден өткен үміткерлер анықталды.

Нәтижесінде, PhD доктор, профессор Жәкебаев Дәурен Бақытбекұлы, – механика-математика факультетінің деканы болып тағайындалды. Сондай-ақ конкурстық іріктеу талаптарына сәйкес кафедра меңгерушілерімен еңбек шартын жасау туралы ұсыныс берілді. Университеттің конкурстық комиссиясы үміткерлерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесі 2021 жылдың 16 маусымында бекітілген «Профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарын конкурстық түрде ауыстыру ережесі» негізінде қарады. Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер «кафедра меңгерушілері» лауазымына тағайындалды:
- Математика кафедрасының меңгерушісі - ф-м.ғ.д, профессор, Кошанов Бақытбек Дәнебекұлы,
- Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Темірбеков Алмас Нұрланұлы.
Құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар


