 
                09.11.2021 ж күні "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай Картография және Геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында мини-футболдан турнир болып өтті. Кафедрамыздың 2, 3, 4 курс студенттерінен құралған 8 команда қатысып, өз бақтарын сынады.
Ерекше ойын көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Олар: 
"Ең үздік шабуылшы" — Олжабеков Нұржігіт
"Ең үздік ойыншы"  — Сарыпбек Рахат 
"Ең үздік қақпашы" — Тастеев Нұрсәт
"Ең үздік қорғаушы" — Диханбай Айбек.
Кафедрамыздың  2, 3, 4 курс  студенттерінен құралған 8 команда қатысып, 3 команда жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған командалар: 
1 орын — "FC Geodesists" ( 4-курс студенттері)  
2 орын — "Сәттілік"  (4- курс студенттері)  
3 орын — "ГК 2 курстар".
                 
         
                                 
                                