ЖИ жəне Big Data кафедрасының эдвайзері Ашимов Ескендыр жатаханада 1-курс студенттерімен «Ұлттық тəрбие тағылымы» аясында кезекшілік іс шарасын өткізді.
Адам баласының əрқайсысының өз өмір жолы болатыны тəрізді, кезкелген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар.Ол- көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Əр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақ жалғасы болғанынан өз дəуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Əлем тарихында этнопедагогикалық, ұлттық тəрбие туралы білім ғасырлардан ғасырға тамырын терең жайып келеді. Тəуелсіз Қазақстан жағдайында біз ұлттық тəрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені, жалпы тəрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық жəне американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мəні жағынан оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін жəне солай бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені, оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі қазақ халқының өзіне тəн ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді. Ұлттық сана мен халықтық тəлімтəрбиенің ілкі бастауы бесіктен қалыптасатыны белгілі. Имандылық, инабаттылық, мейірімділік секілді халқымызға тəн қасиеттердің түп төркіні мен байырғы бастауларын танып-білу жолында ерінбей-жалықпай ізденіс, зерттеулер ұйымдастыру, бұларды тəлім-тəрбие үрдісінің тұрақты жүйесіне айналдыру – барша жұрттың, əсіресе ұстаздар қауымының абыройлы міндеті. Халқымызда баланы жөргегінен бастап оны ер жеткенге дейін үздіксіз тəрбиелеу жүйесі, халықтық педагогика дəстүрі болған. Ата-бабаларымыз ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтерген рухани мұраны көрегендікпен кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.Асыл өсиеттей аталы сөздерді білу – баршаның парызы. Қазақ барлық сенім, əдетімен де, ойын-сауыгымен де əр кезде де жасаған адамдарының тарихи мəні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлеңжырлар жасауымен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтауымен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шараларымен де ең ақылдылардың қатарына қосылады...
Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды жəне ғажайып сезімтал –деген екен Ш. Уəлиханов. Халқымыздың сан ғасырлық тыныстіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тəлімтəрбиеге қатысты салт-дəстүр, əдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі. Жатаханадағы студенттер ұлттық тəрбие туралы өз пікірлерімен бөлісті. Ұлттық тəрбие тағылымы атты іс шара қызықты өтті.