«Шәлекенов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
2022 жылы 16 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан археологиясы, этнологиясы және Отан тарихының өзекті мәселелері: қазіргі практикасы мен даму бағыты» тақырыбында «Шәлекенов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияда келесі секциялар бойынша өзекті мәселелерді қарастырылды:
1. Қазақстан археологиясының ғылыми зерттеулерінің басым бағыттары
2. Қазақстан этнологиясының құндылық бағыттары мен болашағы
3. Отан тарихының өзекті мәселелері
3. Ұлы Жібек жолы және Еуразия халықтарының өзара қарым-қатынасы.
4. Қазақстандағы музеология жұмыстарының инновациялық дамуының заманауи мәселелері
Конференцияға отандық тарихшы, этнолог, археолог, музейтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.