Тарих факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең алғаш ашылған факультеттерінің бірі. Тарих, археология, этнология, музей ісі, мұрағаттану және кітапхана саласындағы бәсекеге қабілетті озық мамандар даярлап келеді. Факультет түлектері әртүрлі мамандықтар мен қызмет салаларында сұранысқа ие.
Тарих факультеті Италия, Германия, Польша, АҚШ, Түркия, Ресей елдерінің 20-дан аса жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге ие. Жақын және алыс шетел жоғары оқу орындары арасындағы академиялық алмасулар, тағылымдамадан өтуге, конференциялар ұйымдастыруға және қос диплом алуға мүмкіндік береді. Факультетте республикаға танымал отандық және шетелдік белгілі ғалымдар дәріс оқиды. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамның гранттық және бағдарламалық-нысаналы мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру бағдарламалары, халықаралық және шаруашылық келісімшарт жобалары, ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулері қарқынды дамып, Thompson Reuters және Scopus агенттіктерінің дерекқорына кіретін импакт-факторы жоғары (Nature Ecology and Evolution, Radiocarbon, Central Asian Survey, Journal of Slavic Military, Science, Millî Folklor, т.б.) журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі жұмысы атқарылып келеді.
Факультетте бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша 30-дан аса білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, соның ішінде республика көлемінде тек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да даярланатын «Этнология және антропология», «Археология», «Сандық архивтану және құжаттану», «Тарихи информатика», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау», «Көпшілік тарих», «Физикалық антропология», «Кітапханалық-ақпараттық жүйелер», «Ұлттық тарих», «Отан тарихы» т.б. бірегей бағдарламалар бар.
QS World University Rankings by Subject бойынша «Тарих» білім беру бағдарламасы топ 200-250 ішіне кірді. Факультеттің үш саты бойынша барлық білім беру бағдарламалары ACQUIN халықаралық аккредиттеу агенттігінің сертификациясына ие. Ұлттық рейтинг агенттіктерінде (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі, Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы) тұрақты түрде тек бірінші орын алып келеді.
ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ
Бакалавриат
6В02205 – Тарих
6В02210 – Археология
6В02211 – Этнология және антропология
6В02206 – Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
6В03208 – Сандық архивтану және құжаттану
6В03205 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер
Магистратура
7М02212 – Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
7М02219 – Археология
7М02220 – Этнология және антропология
7М03207 – IT-мұрағаттану және құжаттану
7М03208 – Мұрағаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету (РМГУ)
7М03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер
7М01601 –Тарих
7М01602 – Тарих және география
7М02210 – Тарих
7М02213 – Ұлттық тарих (Ыстамбұл университеті)
7М02208 – Дүниежүзі тарихы (Ла-Сапиенца)
7М02222 – Тарих (Ғылым ордасы)
PhD докторантура
8D02206 – Тарих
8D02210 – Археология
8D02211 – Этнология және антропология
8D02207 – Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
8D03205 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету
8D03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер
8D02214 – Тарихи демографиядағы инновация (Ғылым ордасы)
8D02213 – Еуразия археологиясы (Ғылым ордасы)