1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші

1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші өтті2022 жылдың 30 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы мен «Жібек жолы» үйірмесінің ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші өтті. Кешке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен профессорлары, студенттер қатысты. Кеште студенттер би билеп, ән салып, өз өнерлерін ортаға салды. Жоғары курс студенттері 1-ші курс студенттеріне шығыстану факультеті мен қытайтану кафедрасының ерекшеліктерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан келіп оқып жатқан шетелдік студенттер де өз өнерлерін паш етіп, шараға қатысушыларға өз елінің ерекшеліктерін таныстырды. Кеш соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп, шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар


