1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші

7 қазан, 2022

1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші өтті2022 жылдың 30 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы мен «Жібек жолы» үйірмесінің ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші өтті. Кешке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының оқытушылары мен профессорлары,  студенттер қатысты. Кеште студенттер би билеп, ән салып, өз өнерлерін ортаға салды. Жоғары курс студенттері 1-ші курс студенттеріне шығыстану факультеті мен қытайтану кафедрасының ерекшеліктерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан келіп оқып жатқан шетелдік студенттер де өз өнерлерін паш етіп, шараға қатысушыларға өз елінің ерекшеліктерін таныстырды. Кеш соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп, шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.