
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп Әл-Фараби айтқандай, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Қазіргі әлемдегі адам үшін сапалы білім берудің рөлі өте зор. Ақылды, сауатты адам өзінің әлеуетін жүзеге асыруға, талантын ашуға көбірек мүмкіндіктерге ие. Сондықтан, БҰҰ-ның тұрақты дамудың төртінші мақсаттарының бірі «Сапалы білім беру». Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бірнеше маңызды міндеттер қойған. Сол міндеттердің бірі 2030 жылға дейін бүкіл әлемдегі ұл мен қыздары сапалы, тегін білім алуы кәсіптік-техникалық және жоғары білімге, оның ішінде университеттік білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Осындай сапалы білім беруде ат салысып жатқан оқу орындарының бірі қара шаңырақ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес-технологиялар» кафедрасының да үлесі зор. «Бизнес – технология» кафедрасы өз жұмысын 2019 жылдан бастады. Осындай қысқа уақыт ішінде кафедра құрамы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады: көрнекті академик-профессорлар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғалымдары мен доценттері. Қазіргі уақытта біздің кафедраның студенттері және түлектері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріндегі үздіктер қатарында. Ұстаздар мерекесінің қарсаңында Экономика және Бизнес жоғары мектебің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен 07.10.2022 жылы «Ұстаз – ұлы есім!» тақырыбында мерекелік шара–өтті. Ісшарада кафедра меңгерушісі Ахметова Зауреш Болатхановна құттықтау сөз бастап жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға шақырып, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен... «Барлық кәсіптер адамдардан және тек үшеуі құдайдан: мұғалім, сот және дәрігер» - деп ізгі тілегін білдірді, іс шараның арнайы шақырылған қонағы Алматы қаласының маслихат депутаты Рамазан Бекбол Батыржанұлы «Елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімдімін» - деп жалғастырды және ҚазҰУ-нің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап өтті.