Академик С. С. Сартаевтың 95 жылдығына арналған тәрбие іс-шарасы
12 қазан, 2022
12 қазан ҚазҰУ Заң факультетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, көрнекті отандық саяси және қоғам қайраткері Сұлтан Сартайұлы Сартаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 2 курс студенттерімен тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Студенттер презентация дайындап, онда атақты қазақстандық ғалымның өмір жолы көрсетілді. Студенттер Академик Сартаевтың ғылыми еңбектерімен, оның құқықтық және саяси идеяларымен танысты.
- Іс-шараны ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушылары Сағынаев М.Е., Нусипова Л.Б. және профессор Калишева Н.Қ.
Басқа жаңалықтар

21 ақпан, 2025

21 ақпан, 2025

21 ақпан, 2025