«Менің Отаным Қазақстан Республикасы»

«Lingua» клубы «Айналаңды нұрландыр"жобасы аясында заң факультетінің 1-курс студенттерімен Республика күніне «Менің Отаным Қазақстан Республикасы» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Студенттердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге,Отанын қастерлеуге, ұлттық рәміздерді сүюге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Баршаңызға белгілі мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылдың 29шы қыркүйегінде 25ші қазанды Ұлттық мереке ретінде атап өту туралы Заңға қол қойды.
Биылдан бастап Егемендік туралы Декларация қабылданған күн ұлттық сипатқа ие болып отыр.
Біз, жастар бабалар жолын, алдыңғы буын ағалар жолын лайықты жалғастырып, сенімді ізбасар болуға лайықты болуды мақсат тұтамыз. Жастар - жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Тәрбие сағатының арқасында 1-курс студенттері Тәуелсіздіктің, Егемендік тарихын білді. 13 жыл бойы тойланбаған мерекені, ерекше қызығушылықпен ұйымдастырылды.
1990 жылы 25-ші қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республика Жоғары Кеңесінің қаулысымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. 25-ші қазан сол үшін қымбат.
WhatsApp Video 2022-10-25 at 01.12.10.mp4
Басқа жаңалықтар


