Жетістіктің бастауы – ҚазҰУ! Farabi University

Жетістіктің бастауы – ҚазҰУ!

14 қараша, 2022

2022 жылдың 14 қарашасында физика-техникалық факультетінде «Жетістіктің бастауы – ҚазҰУ!» ("The First Steps to Success start at KazNU") атты іс-шара өтті. Іс-шараға «Физика», «Физика және астрономия», «Техникалық физика», «Физика және нанотехнология», «Электр энергетикасы», «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 1 және 2 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге ҚазҰУ-да табысты тұлға болу тұжырымдамасын анықтауға көмектесу, студенттердің жетістікке жету мотивациясын қалыптастыру.

Барлық қатысушылар іс-шараға деген құлшынысы мен жауапкершілігін көрсетті. Іс-шара аясында университеттің Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында табысты университет екендігі туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан физика-техникалық факультетінің ғалымдары Ш.Ш.Сарсембинов, М.М.Абдильдин, Қ.И.Исатаев және Ф.Б.Байымбетовтың еңбектері мен жетістіктері туралы бейнеролик көрсетті. Еңбегімен, қайсарлығымен білім мен ғылымға даңғыл жол салған ғалымдарға шәкірттер мақтаныш сезімін тудырғаны сөзсіз. Ғалымдардың лайықты өмірі өмірде табысқа жетудің жарқын үлгісі болады.

Студенттер өз өнерлерін паш етті. Олар домбырада қазақтың халық күйінде попурри ойнады, өлең оқыды, би биледі, гитарамен қазақ және ағылшын тілдерінде ән шырқады. Сонымен қатар эрудиция мен жалпы білім бойынша викторина өткізді. Ең үздік деген команда мүшелеріне сыйлықтар табыс етілді. Зал дарынды студенттердің өнерін қол шапалақтаумен және спикерлердің жағымды эмоцияларымен белсенді түрде қолдады.

Ұйымдастырушылар: шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары, үйірме жетекшілері Ш.Б.Ғұмарова, Б.К.Исабаева, А.А.Әбдіжаппар, М.Ж.Мырзахмет, Б.М.Саяқова және физика-техникалық факультетінің аға куратор-эдвайзері Э.М.Зульбухарова.

1. https://drive.google.com/file/d/15Xy_MKt3K3_WNSx0wf49z9mpzahm-kCp/view?usp=sharing

2. https://drive.google.com/file/d/12SPrnOWk4b4vQimOSJONuh-piLh-YXOu/view?usp=sharing

3. https://drive.google.com/file/d/1TjtRgD1W07W4E_6ZIROP4RQRXLBT0eBa/view?usp=sharing