Әдеби-музыкалық кешFarabi University

Әдеби-музыкалық кеш

15 қараша, 2022

2022 жылғы 8 және 15 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен "Жәдігер" клубы "Қоңырсын қалам" әдеби-музыкалық кешін ұйымдастырып, өткізді.

Оның мақсаты – факультеттер мен университеттердің студенттері арасында шығармашылық байланыстар орнату және дамыту.

Әдеби-музыкалық кешке ҚазҰУ-дың филология, тарих факультеттерінің студенттері мен С. Демирел атындағы Университеттің студенттері қатысты. Кездесу аясында музыкалық композициялар орындалды. Студенттер өздерінің поэтикалық шығармаларын оқыды. Олар өздерінің шығармашылық жоспарлары мен идеяларымен алмасты.