"Ең тәтті, студенттік өмір" Farabi University

"Ең тәтті, студенттік өмір"

17 қараша, 2022

Қараша айының 17-жұлдызында "Айналаңды нұрландыр!"

университет жобасы аясында унивеситетіміздің Филология факультетінің Шет тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Жолдасбеков атындағы корпустың сары залында халықаралық студенттер күніне арналған "Ең тәтті, студенттік өмір" атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің барлық мамандықтарының 1 курс студенттері белсенді қатысты.

         Іс-шара толықтай ағылшын тілінде болды студенттер семестр бойы ағылшын тілінен алған білімдерін өз өнерлері арқылы және тілдік викториналар, кроворддар толтыру арқылы көрсетіп ойын-сауықпен ұштастырды. Іс-шара барысында студенттердің түрлі аспаптар мен қызықты ойын-сауықтарымен, әндерін естіп көрушілермен шет елдік студенттер да риза болды.

Кеш соңында Михальченко Елена Николаевна студенттерді мерекелерімен құттықтап жақсы тілектерін арнады, Гайпова Гулипа Абдырайимовна студенттерге осындай көңілді күн үшін рахметін айтып кешті қортындылады.

 

Ұйымдастырушылар шет тілі кафедрасының аға оқытушылары: Михальченко Е. Н., Гайипова Г. А., Бекмашева Б., Мурзатаева А. Т.,Махарова Г., Оразбаева А., Кенесбаева Н.